From Wikipedia, the free encyclopedia
Наньчан (қыт. 南昌) — Оңтүстік-Шығыс Қытайдың Цзянси провинциясының орталығы. Халқының саны 11 264 739 адам (1999). Бұл ескі қала қамалмен қоршалған, Ганьцзян өзенінің оң жағалауында орналасқан. 201 жылы қаланған. 959 жылы ТАН әулеті билік құрып тұрған кезде қала оңтүстік астана болды. Монғолдар билеген дәуірдің соңына қарай Мин әулетінің негізін салушылар мен жергілікті феодалдардың арасындағы қанды шайқастың орнына айналды. 16 ғасырдың басында бұл жерде Мин үкіметіне қарсы көтеріліс болып өтті. Нанчань ТАЙПЫ көтерілісінен жапа шекті. 1927 жылы қытай коммунистік партиясының төңкерісі ұйымдастырылған жерге айналды. 1949 жылдан бастап өндірістік қала деп танылады, ондағы өндірілетін өнімдердің қатарына текстиль өнімдері, күріш ұны, автокөлік бөлшектері кіреді.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Nanchang |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.