From Wikipedia, the free encyclopedia
Ислам күнтізбесі (Һижра күнтізбесі , ай һижрасы) — Мұсылман әлемінде қолданылатын Ай фазаларының өзгерістеріне негізделген күнтізбе. “Жәһилия” заманында, яғни исламнан бұрын Арабияда 24 жылдық жыл санау есебі қолданылды.
15 жыл 12 айдан, 9 жыл 13 айдан есептелді. Қосылатын артық ай “нәси” деп аталды. Абыздар оны орынды да, орынсыз да қосып, күнтізбені шатастыра бергендіктен Мұхаммед ﷺ нәсиды есептен мүлдем шығарып тастады. Содан бері араб елінде жыл 12 синодтық айдан құралады. Ол 354 не 355 күн. Ислам діні шыққаннан бері арабтардың қолданылатын жыл санау жүйесі — “Тарих әл-һижра”. “һижра” — “ауып бару” деген мағынаны береді.
Ислам күнтізбесі һижрадан, яғни Аллаһ Елшісінің ﷺ Меккеден Мединеге жер аударған күнінен басталады. Һижра есебін пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ дүниеден өткен уақытынан кейін 5 жыл өткенде, 637 жылы халиф Омар ибн әл-Хаттаб р.а. (634 — 644) жасаған. Нақты жылдан 11 күн кем болғандықтан, Ислам күнтізбесіндегі жылдың басы жылжи береді. һижраның Күн қозғалысына қатысы жоқ. Ол тек Айға негізделген. Жерлері ыстық және шөлді болғандықтан Араб елдері күндіз демалып, түнгі салқында Айдың жарығымен жұмыс жасайды. Ислам күнтізбесінің шығуының басты себебі де осы.[1]
Мұсылман жыл санауы Аллаһ Елшісінің ﷺ Меккеден Мединеге һижрет жасаған уақытынан бері саналады. Осы күнгі жасалған һижрет мұсылман тарихында ерекше орынға ие болды. Жаңа күнтізбенің қолданысқа енуі туралы шешімді халифа Омар ибн әл-Хаттаб басқа сахабалармен кеңесе отырып қабылдаған болатын. Осылайша мұсылман күнтізбесі «Һижри» деп атала бастады. Мұсылман күнтізбесі күнмен емес, аймен есептелгендігі себепті біздің қазіргі жылсанағымыздан біршама айырмашылығы бар. Осы себепті бір жылы 10, екінші жылы 11 күнге қысқа болып жатады.
Бұл жөнінде Алла тағала Құранда былай дейді:
إِنَّ عِدَّةَ الشُّهُورِ عِندَ اللّهِ اثْنَا عَشَرَ شَهْراً فِي كِتَابِ اللّهِ يَوْمَ خَلَقَ السَّمَاوَات وَالأَرْضَ مِنْهَا أَرْبَعَةٌ حُرُمٌ
«Расында Аллаһ қасында көктер мен жерді жаратқалы Аллаһтың кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардың төртеуі құрметті айлар»
—Тәубе сүресі, 36-шы аят
Һижра араб.: هِجْرَة айлары шамамен жаңа ай туған сәттен басталады.[2].
12-ші айдан, Зүл-Хижжа айынан басқа айларда 30 және 29 күн болады, жоғарыдағы айдың ұзақтығы айдың дұрыс фазаларына сәйкес күнтізбені ұстап қалуына бағытталған 30 жылдық циклде өзгереді.
11 жылы бұл циклдің Зүл-Хижжа айында 30 күн, ал қалғандарында 19-29 күн бар. Демек, бір жылда 354 немесе 355 күн бар. Кібісе жылдарға ешқандай ай қосылмайды, сондықтан атаулы айлар сол маусымда қалмайды, бірақ әрбір 32 және ½ жыл сайын толық күн немесе маусымдық жыл (шамамен 365 және 1/4 күн) арқылы артқа жылжиды.
Ай атауы | Күн саны | Ай атауы | Күн саны |
---|---|---|---|
Мұхаррам (қаңтар) | 30 | Ережеп (шілде) | 30 |
Сафар (ақпан) | 29 | Шағбан (тамыз) | 29 |
Рабиғул әууәл (наурыз) | 30 | Рамазан (қыркүйек) | 30 |
Рабииғус сәни (сәуір) | 29 | Шәууәл (қазан) | 29 |
Жұмада әууәл (мамыр) | 30 | Зұлқағда (қараша) | 30 |
Жұмада ахир (маусым) | 29 | Зұлхижжа (желтоқсан) | 29 |
1 мұхаррам 1422 ж. | 26 наурыз 2001 |
1 мұхаррам 1423 ж. | 15 наурыз 2002 |
1 мұхаррам 1424 ж. | 5 наурыз 2003 |
1 мұхаррам 1425 ж. | 22 ақпан 2004 |
1 мұхаррам 1426 ж. | 10 ақпан 2005 |
1 мұхаррам 1427 ж. | 31 қаңтар 2006 |
1 мұхаррам 1428 ж. | 20 қаңтар 2007 |
1 мұхаррам 1429 ж. | 10 қаңтар 2008 |
1 мұхаррам 1430 ж. | 29 желтоқсан 2008 |
1 мұхаррам 1431 ж. | 18 желтоқсан 2009 |
1 мұхаррам 1432 ж. | 8 желтоқсан 2010 |
1 мұхаррам 1433 ж. | 26 қараша 2011 |
1 мұхаррам 1434 ж. | 15 қараша 2012 |
1 мұхаррам 1435 ж. | 5 қараша 2013 |
1 мұхаррам 1436 ж. | 25 қазан 2014 |
1 мұхаррам 1437 ж. | 15 қазан 2015 |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.