From Wikipedia, the free encyclopedia
Мүйізді кесіртке (лат. Phrynosoma) — бауырымен жорғалаушылар класы қабыршақтылар отрядының кесірткелер тармағының Игуанатәрізді кесірткелерінің бақа тәрізді кесірткелер тұқымдасына жатады.
Мүйізді кесіртке | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Техас мүйізді кесірткесі
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
See text. |
Солтүстік Америкада мүйізді кесірткелердің 14 түрі бар. Олардың сегізі - Америка Құрама Штаттарының эндемигі. АҚШ- та мекендейтін кесірткелердің ішіндегі ең ірісі және ең көп тарағаны. Канаданың оңтүстігі мен Гматемалаға дейінгі жерлерден және Солтүстік пен Орталық Американың шөл және шөлейт аймақтарынан мүйізді кесірткенің ондаған түрін кездестіруге болады. - Техас мүйізді кесірткесі[1].
Денесінің ұзындығы 10 -15 см-ге дейін өседі. Мүйізді кесірткенің арқасы мен бауыры эволюция барысында жұқарып, жұмсақ қабыршаққа айналған. Бірақ басындағы мүйіздері нағыз сүйектен тұды. Олардың денесі ирелеңдеп, құмға батып кететін қабілеті бар. Мүйізді кесірткелердің кей түрі көзінің ұшынан дұшпанына қарай қан шашыратады. Соңғы жылдары мүйізді кесірткелердің саны азайып барады. Реңі қоршаған ортасындағы топырақтың түсіне байланысты өзгеріп отырады. Дегенмен қауіп төнгенде денесін күжірейтіп, дұшпанының жұтып жіберуіне қиын болу үшін мүйізді қапшықтарын тікірейтеді.
Қорегі - құмырсқалар. Бейқам кетіп бара жатқан құмырсқаны күтіп отырады, тілін шығарып, жапсырып алып шайнамай жұтады. Соңғы жылдары мүйізді кесірткелерді азайып барады.[2].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.