Мьянма
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мьянма Одағының Республикасы (бирм. ပြည်ထောင်စု သမ္မတ မြန်မာနိုင်ငံတော်, ХФӘ: [pjìdàʊɴzṵ θàɴməda̰ mjəmà nàɪɴŋàɴdɔ̀]), қысқартылған — Мьянма (бирм. မြန်မာ), бұрын Бирма[5] — Оңтүстік-Шығыс Азияда[6], Үндіқытай[7] түбегінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 678,5 мың км². Халқы – 41,7 млн. (2000). Астанасы – Нейпьидо қаласы(3,5 млн.).
Мьянма Одағының Республикасы бирм. ပြည်ထောင်စု သမ္မတ မြန်မာနိုင်ငံတော် | |||||
| |||||
Әнұран: «Gba Majay Bma» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 4 қаңтар 1948 жыл (Ұлыбританиядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | бирма тілі | ||||
Елорда | Нейпьидо | ||||
Ірі қалалары | Янгон, Мандалай, Нейпьидо | ||||
Президенті Вице-президенті Вице-президенті |
Вин Мьин Сайн Мау Кхан Ньан Тхун | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 39-шы орын 676 578 км² 3,06 | ||||
Жұрты • Сарап (2017) • Тығыздығы |
53 582 855[1] адам (25-ші) 76 адам/км² (125-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
359,107 млрд.[2] $ (51-ші) 6,797[2] $ (128-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
71,543 млрд.[2] $ (72-ші) 1,354[2] $ (155-ші) | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,578[3] (орташа) (148-ші) | ||||
Валютасы | Мьянма кьяты (MMK) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .mm[4] | ||||
ISO коды | MYA | ||||
ХОК коды | MYA | ||||
Телефон коды | +95 | ||||
Уақыт белдеулері | +6:30 |
Мьянма 7 ұлттық облыс пен 7 әкімшілік облыстан құралған. Халқының көпшілігін (70%) бирмалықтар құрайды, қалған этникалық топтардың саны жағынан ірілері: шан, карен, чин, мон[8], т.б. Мемлекеттік тілі – бирма тілі, ағылшын, қытай және жергілікті тілдер (карен, мон) де қолданылады. Халқының 85%-ы будда дінін ұстанады, қалғандары: христиандар, индуистер, мұсылмандар. Мьянмадағы басқару жүйесі – республикалық. Жоғарғы заң шығарушы органы – Бейбітшілік пен дамудың Мемлекеттік Кеңесі (БПДМК). Жоғарғы атқарушы органы – үкімет. Мемлекет пен үкімет басшысы – БПДМК-нің төрағасы. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 4 қаңтар (1948). Ақша бірлігі[9]– кьят (чжа). 1948 жылдан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше.
-
Мьянманың Азияда орналасуы
-
Этнолингвистік карта орналасуы
-
2007 жылдағы қалалар