From Wikipedia, the free encyclopedia
Моси (мосси, моиси, мосе) — Гур тобының солтүстік-батыс топшасының халқы, Буркина-Фасоның ең үлкен этникалық тобы. Олар Накамбе және Назинон өзендерінің алабында тұрады. Саны 7,4 млн адам. (2012, бағалау). Олар сондай-ақ Кот-д’Ивуардың солтүстік-шығысында (2,4 млн адам), Гананың солтүстігінде (375 мың адам), Нигерде (150 мың адам), Малидің оңтүстігінде (40 мың адам), Сенегалда (35 мың адам), Тогода (30 мың адам), Бенинде (30 мың адам) т.б. тұрады.[1]
Моси | |
мосси, моиси, мосе | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
7,4 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Буркина-Фасо |
4,3 млн. |
Кот-д’Ивуар |
2,4 млн. |
Гана |
375 000 |
Нигер |
150 000 |
Мали |
40 000 |
Сенегал |
35 000 |
Того |
30 000 |
Бенин |
30 000 |
Тілдері | |
море тілі | |
Діні | |
дәстүрлі нанымдар |
Тілі - море немесе моле тілі.[2] Диалектілері: уагадугу, саремде, таоленде, янси (ядре).
Мосилардың көпшілігі ежелгі дәстүрлі нанымдарды ұстанады, кейбіреулері христиандар мен мұсылмандар.[3]
Негізгі дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатын егіншілік, мал шаруашылығы (ірі және ұсақ мал), құс шаруашылығы (тауық, теңіз құстары), балық аулау. Солтүстікте тары, фонио, бұршақ, көкөніс, оңтүстігінде түйнектілер, қызыл және ақ құмай, жүгері, бұршақ дақылдары басым. Аралас дақылдар кең таралған. Көптеген ер адамдар Оңтүстік Гана мен Кот-д'Ивуар плантацияларында маусымдық жұмыстармен айналысады. Дәстүрлі қолөнерден темірден құрал жасау, құю, керамика және тоқу дамыған.[4]
Дәстүрлі қоғамдық ұйымның негізін дамыған рулық құрылым және үлкен отбасылық қауымдар құрайды. Неке келісімі вирилокальды, туыстық есеп патрилинейлік.
Ықшам елді мекендер басым. Тұрғын үйлері саман, домалақ, төбесі сабанмен жабылған конустық болып келеді, шаруашылық құрылыстарымен және астық қоймаларымен бірге сазды қабырғамен қоршалған.
Әйелдер дененің үстіңгі және астыңғы бөліктерін екі ашық түсті матамен орайды, әртүрлі шаш үлгілері бар. Ерлер киімі еуропалық үлгіде.
Негізгі тағамы - ботқа (тары, құмай, жүгері), ащы тұздығы бар шелпектер, бұқтырылған тағамдар, сүт, көкөністерді, жемістерді тұтынады.
Салт-дәстүрлік рәсімдерде қолданылатын музыкалық, би, ән фольклоры сақталған.[5]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.