From Wikipedia, the free encyclopedia
Михаи́л Григо́рьевич Черня́ев (1828—1898) — орыс генералы, Түркістан генерал-губернаторы.
Михаил Григорьевич Черняев | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Бендер, Бессараб облысы, Ресей империясы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Могилёв губерниясы, Ресей империясы |
Мемлекет | |
Әскер түрі | |
Қызмет еткен жылдары |
1840-1886 |
Атағы |
генерал-лейтенант |
Басқарды |
Түркістан генерал-губернаторы (1882—1884) |
Шайқасы | |
Могилев губерниясының Тубышки деревнясында 1828 жылғы қарашаның 3-інде орташа дәулетті ақсүйектер отбасында дүниеге келген. 1840 жылдан бастап «Дворян полкында» әскери дайындық қабылдаған. 1847 жылы «Лейб-гвардиялық Павлов полкында» қызметін бастады. Содан соң бас штаб академиясының курсын аяқтап, Дунай армиясына жолдама алды. Кіші Валах отрядының құрамында Мажарстандағы 1848-49 жылғы көтерілісті басуға қатысты.
1854 жылдың күзінде 4-ші корпустың құрамында Қырымға княз Меншиковқа көмекке жіберілді. Севастопольдің түбінде ол гарнизон жүргізген ұрыстардың барлығына қатысты, соның ішінде 1854 жылғы қазанның 24-інде болған Инкерман түбіндегі шайқасқа да қатысты. Сол шайқастағы көрсеткен үздік жетістігі үшін 4-ші дәрежелі Әулие Владимир орденімен марапатталды. 1855 жылғы тамыздың 27-сінде Севастополь қорғанысының кезінде көрсеткен ерлігі үшін «Ерлігі үшін» деген жазу басылған алтын қарумен марапатталып, подполковник шені берілді.
Қырым соғысы біткен соң 3-ші жаяу әскер дивизиясының штаб бастығы болып тағайындалды, сосын Орынбор генерал-губернаторы Катениннің қарамағына жіберілді.
1858 жылы Бутаковтың Арал теңізіне экспедициясына қатысты, Хиуа ханына қарсы бас көтерген Қоңыраттың тұрғындарына көмекке жіберілді.
1859 жылы Кавказға граф Евдокимовтың қарамағына жіберілді, Кавказда тыныштық орнатылған соң қайтадан Орынбор аймағында жіберіліп, генерале Безактың қарамағында штаб бастығы болып қызмет етті.
1864 жылы Безакпен башқұрттарды басқару мәселесі бойынша келіспеушіліктен соң Санкт-Петербургқа қайтты. Сол кезде Орталық Азияда екі дала губерниясының Орынбор және Сібір губерниясының арасында бекінген шеп орнату мәселесі пайда болды, ол үшін екі арадағы бірнеше бекітілген елді мекенді қолға түсіру қажет болды. Бұл мақсатты жүзеге асыру полковник Черняевқа жүзеге тапсырылды, ол ерекше батыс сібір құрамасының жетекшісі болып тағайындалды.
1864 жылы сол құрама жиналып жатқан Верный қаласына жіберілді. Черняев өзіне жүктелген тапсырманы орындауға өте шектеулі қаражатпен кірісті. Ол жорық Батыс сібір округының қаражатының қалдықтарымен қаржыландырды. Черняевтың шағын құрамасы Әулиеата бекінісін қолға түсіріп, 1864 жылдың шілдесінде алынбас болып есептелген Шымкент бекінісін шабуылмен алды. Әскер қалаға су құбыры арқылы, қабырғадағы күмбез пішінді жарық арқылы енді. Қаланы қорғайтын әскер Черняевтың әскерлерінің қала ішінде кенеттен пайда болғанынан қарсылық көрсете алмады.
Генерала Черняев әскерлерінің Ташкентті алуы
-- 1865 жылдың сәуірінде Черняев Ташкентке қарай жылжыды, бірақ оның бірден қолға түсіре алмай, кері шегінуге мәжбүр болды. Сол себепті оған ерекше бұйрық берілмейінше ешқандай қадам жасамауға бұйырылды. Бірақ жергілікті қарулы күштердің барған сайын күшеюінен қауіптенген ол өз жауапкершілігіне әрекет етуді шешіп, 1865 жылғы маусым айының 14-нен 15-іне қараған түні Ташкентті шабуыл жасап қолға түсірді. Орыс әскерінің саны 2000-нан аспайтын, 12 зеңбірегі болатын. Ташкенттің халқы 100 000 шамасы, қаланы 63 зеңбірекпен жабдықталған 30 000-дық әскер қорғауға дайын тұрды. Қалада оқ-дәрі мен қару-жарақтың қоры да мол болатын. Содан сәл бұрын жаңадан құрылған Түркістан облысының әскери губернаторы болып тағайындалған Черняев Бұқар әмірінің Ташкентті қолға түсіруге бағытталған әрекетіне қарсы шара қолдануға мәжбүр болды. Орталық Азия ірі дүрбелең алдында тұр еді, бұл Ресей мен Британияның арасындағы кейін «Үлкен ойын» деп аталған саяси бәсекелестіктің бір көрінісі болды. 1866 жылдың шілдесінде Черняев кері шақырылып, орнына генерал Романовский жіберілді.
1873 жылы «Русский Мир» газетін шығара бастады. 1875 жылы Герцеговина аймағында көтеріліс басталғанда өз еркімен сонда кетті. Орыс-түрік соғысы басталғанда оған қатыспақ болып тілек білдірді, бірақ бір маңызсыз қызмет атқаруға тағайындалды, әскери қимылдарға қатыстырылмады. «Русский Мир» газеті де үлкен табысқа қол жеткізбеді, 1878 жылы ол газетті басқа біреулерге тапсырды.
1882 жылы Черняев қайтадан Түркістан генерал-губернаторы болып тағайындалды, бірақ тек екі жылдай ғана қызмет етті. Өзінің қызметіне нұқсан келтірген бірқатар қате шешімдер қабылдады. 1884 жылы әскери кеңестің мүшесі болып тағайындалды. 1886 жылы әскери министрдің жоспарларына қарсылық білдіргені үшін отставкаға кетуге мәжбүр болды. 1890 жылы қайтадан әскери кеңестің мүшесі болып тағайындалды. 1898 жылғы тамыздың 4-інде өзінің мұралық иелігі Тубышкиде қайтыс болды.[1][2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.