![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/f6/Tableau_Louis_Pasteur.jpg/640px-Tableau_Louis_Pasteur.jpg&w=640&q=50)
Микробиология
From Wikipedia, the free encyclopedia
Микробиология (грекше «микрос» - кішкене, «логос» - ғылым) — көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, биологиялық, биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі рөлін, пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым.
![A.](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/f6/Tableau_Louis_Pasteur.jpg/320px-Tableau_Louis_Pasteur.jpg)
Микробиологияның бөлімдері: бактериология, микология, вирусология, паразитология және т.б. Микроорганизмдердің экологиялық ерекшеліктеріне, олардың өмір сүру жағдайларына, қоршаған ортамен қалыптасқан қатынастарына және адамның тәжірибелік қажеттіліктеріне байланысты микроорганизмдер туралы ғылым өзінің дамуында жалпы микробиология, медициналық, өндірістік (техникалық), ғарыштық, геологиялық, ауылшаруашылық және ветеринарлық микробиология сияқты арнайы пәндерге бөлінді.