From Wikipedia, the free encyclopedia
Паразитология(гр. para – жанында, гр. sіtos – қоректену және гр. logos – ілім) – бір организмнің екінші ағза есебінен қоректенуін, паразит пен оның иесінің байланысын, өзара қарым-қатынасы, олардың қоршаған ортаға тәуелділігін, дене құрылысы, тіршілігі, дамуы, жан-жаққа таралуын; сондай-ақ адамның, жануарлар мен өсімдіктердің паразиттік ауруларын, олардан арылу, сақтану жолдарын зерттейтін кешенді ғылым; биология саласы.
Паразитология өзінің зерттейтін нысанына қарай:
медициналық Паразитология (адамның паразитін зерттейді);
малдәрігерлік Паразитология (үй және кәсіптік маңызы бар жануарлардың паразитін);
агрономдық Паразитология не фито Паразитология (өсімдіктер паразитін) гельминтология болып бөлінеді.
Паразитология Қазақстанда 1930 жылдардан бері, яғни Қазақ малдәрігерлік ғылым-зерттеу институты мен КСРО Ғылым Академиясының Қазақ бөлімшесінде арнайы бөлімдер ашылғаннан кейін дами бастады.Бұл саладағы зерттеулер Қазақстан ғылым академиясының Зоология институты құрылуымен қатар (1943) өрістей түсті. 20 ғасырдың 2-жартысында И.Г. Галузо, С.Н. Боев, Е.Г. Гвоздевтің жетекшілігімен Қазақстанда паразиттердің кең таралған, аса зиянды түрлерінің тіршілік сатыларын зерттеп ашу жұмыстары жүргізілді. Фитогельминтология зерттеулер нәтижесінде бидайдың, темекінің, бақша өсімдіктерінің гельминтозды қоздырғыштары анықталды. Паразитті қарапайымдылар тудыратын: токсоплазмоз, безноитиоз, гемоспоридиоз, лейшманиоз, тейлероз, пироплазмоз, саркоспоридоз ауруларының патогенезі мен ағзада дамуы зерттелді. Сарып, кене энцефалиті, оба, құс спирохетозы, туляремия, кейбір гельминтоз ауруларының табиғи ошағы анықталып, ол туралы зерттеулер одан әрі дамытылды. Иксод және гамаз кенелердің, бүргелердің, масалар мен шіркейлердің, қансорғыш шыбындар мен соналардың фаунасы, биологиясы, зияндылығы зерттелді. Қазір паразитті ағзалардың экожүйелердегі орны мен олардың қоршаған орта экологиясына байланысты өзгеруін және ерекшеліктерін зерттеу, антропогендік қысым жағдайында зооноздардың эпидемиологиялық және эпизоотология механизмдерінің өзгеруін анықтау, қауіпті індет тарататын паразиттерді жоюдың биологиялық әдістері іздестірілуде. Республикада паразитология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар: Р.Н. Аппасов, С.І. Сванбаев, В.Я. Панин, Т.Н. Досжанов, Б.Шайкенов, А.М. Дубицкий, А.И. Агапова, Ж.М. Жатқанбаева, т.б.[1].[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.