Микро
From Wikipedia, the free encyclopedia
Микро (гр. mikros – аз ұсақ)
- қандай да бір нәрсе мөлшерінің ұсақтығын не оның шамасының аздығын (макро...-ға қарама-қарсы) көрсететін күрделі сөздің құрамдас бөлігі (мысалы, микроклимат, микроорганизм);
- Негізгі бірліктің миллионнан бір үлесіне тең мөлшердегі үлестік бірліктерді жасау үшін қолданылатын сөздің бастапқы бөлігі.
микро
Ол қысқаша мк (орысша) не m (халықараралық) таңбасымен белгіленеді. Мысалы, 1 мкс (микросекунд)=10–6с. [1][2][3]
Микрометр
Микрометр (микро және гр. metre - өлшеймін) - 1) 2000 мм-ге дейін сызықтық өлшемдерді түйіспелі әдіспен дәл өлшейтін әмбебапты өлшеу құралы. Әдетте сызықтық өлшем арасы 25 мм және бөлудің мөлшері 0,001 ден 0,01 ммге дейін. 2) Микрометр — үзындықтың бөлшек бірлігі. 1 мкм = 10'6 м.
Микробарограф
Микробарограф — шамасы өте аз атмосфералық қысымның немесе оның тез өзгеруін жазып отыратын барограф.
Микроинтерферометр
Микроинтерферометр - беттің кедір-бүдырлық параметрлерін түйіспесіз әдіспен тексеретін аспап. М. МИИ-4 өлшеу шектері: Rz, Rmax параметрлері бойынша 0,1 ... 0,8 мкм, базалық үзындық 0,08 ... 0,25 MM S, Smax параметрлері бойынша 0,02 ... 0,25 мм, базалық үзындық 0,01 ... ОТООЗ мм.
Микрокатор
Микрокатор — машина тетіктері мен мөлшерлегіштердің сызықтық өлшемдерін салыстырмалы түрде түйіспелі тәсілмен өлшеуге арналған аспап. Түрлендіргіш элемент (механизм) міндетін бүралған таспалы серіппе атқарады. Оған көрсеткі бекітіледі. Өлшду кезінде микрокатор тағанға бекітіледі. Микрокатордың өлшеу шектері ± (4 ... 300) мкм.
Микроқаттылық өлшер
Микроқаттылық өлшер (орыс. микротвердомер) - материалдың микроқаттылығын белгілі жеріне қысыммен ендірілген идентордан қалған таңба бойынша анықтауға арналған аспап. Микроқаттылықты анықтағанда таңбаның сызықтық өлшемдері әдетте ондаған микрометрден аспайды, ал иденторға түсетін күш бірнеше Ньютоннан аспайды.
Микрометрлік аспаптар
Микрометрлік аспаптар (орыс. микрометрические приборы) - тетіктің ішкі және сыртқы өлшемдерін, тесіктің теревдігін, биіктіктерді абсолюттік өлшеуге арналған аспаптар. М.а. бөлу мөлшері 0,01 мм. Оларға қозғалысын ілгерілемелі қозғалысқа түрлендіруге негізделген м.а: тегіс микрометрлер, микрометрлік ішөлшерлер, тереңдік өлшерлер, иінді микрометрлер жатады.
Микрон
Микрон (гр. mikron - кішкене) - үзындықтың өлшеу, бірлігі — микрометрдің көне атауы.
Микроөлшер
Микроөлшер (орыс. микромер) — тетіктің, мөлшерлегіштердің сызықты өлшемдерін өте дәл өлшеуге арналған аспап. Оның иінтіректітісті, серіппелі, индуктивті, қалтқылы-пневматикалық, т.б. түрлері болады.
Микроскоп
Микроскоп — (гр. micron — кішкене және гр. skopeo — қараймын) —көзге көрінбейтін өте үсақ заттарды қарауға арналған аспап. Микроскоптың поляризациялық, люменесценттік, инфрақызыл сәулелік, проекциялық, рентгендік, телевизиялық, жоғары температуралық және т.б. түрлері болады. Атомдарды зерттеу үшін электронды микроскоп пайдаланылады. Микроскоптың үлкейтуі орта есеппен 1500 есе.
Микроталдау таразысы
Микроталдау таразысы (орыс. микроаналитические весы) — салмағы өте жеңіл заттарды дәл өлшеуге арналған таразы.
Микрометрлік өлшеу құралдары
Микрометрлік өлшеу құралдары (орыс. микрометрические измерительные инструменты) - тетіктің ішкі және сыртқы өлшемдерін, биіктігін, тереңдігін, абсолюттік өлшеуге арналған тегіс микрометрлер, микрометрлік ішөлшер, тереңдік өлшерлер, иінтіректі микрометрлер. М.ө.қ. жүмыс істеу принципі: микробүраманың айналу қозғалысын ілгерілемелі қозғалысқа түрлендіру үшін бүрамалы жүпты қолдануға негізделген. М.ө.қ. бөлу мөлшері 0,01 мм.
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы
- О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
- Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|