From Wikipedia, the free encyclopedia
Микроклимат (грек. mіkros – кіші және климат) — жер бетінің шағын аймағына (мысалы, жотаның беткейі, көлдің жағасы, орман, т.б.) және оны қоршаған ауа қабатына ғана тән климаттық жағдай.
Жер бетінің микромасштабтық айырмашылықтарына байланысты, мысалы, қалың орманды алқап климатынан сол орман ішіндегі жеке ашық алаңдар, бөлек шоқ тоғайлар Микроклиматын немесе үлкен қаланың қалыптасқан климатынан ірі кәсіпорын төңірегінің, не жасыл бақтың Микроклиматын ажыратуға болады. Жер бетінен жоғарылаған сайын Микроклимат ерекшеліктері сейіле береді. Микроклиматтың сақталуы ауа райына тығыз байланысты; тынық, ашық кезінде Микроклимат өте айқын байқалады, бұлыңғыр кезінде онша сезілмейді.
Микроклиматтық жағдай жергілікті климат элементтерін бақылайтын метеорологиялық станциялардың деректері мен Микроклимат ерекшеліктерін салыстыру жолымен зерттеледі. Егістік жерді дұрыс таңдау, жерді мелиорациялау, өнеркәсіптік және жәй құрылыстар салу кезінде Микроклимат ерекшеліктерін ескеру қажет.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.