Меру (халық)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Меру — Кенияның Меру аймағында тұратын банту тобының халқы.[1] Саны 1,6 миллионнан астам адамды құрайды. «Меру» атауы тайпаға да, оның тұратын аймағына да қатысты. Олар 7 топшаға бөлінеді: тигания, игембе, именти, миутини, иголи, мвимби, мутамби.[2]
Тілі
Меру | |
тигания, игембе, именти, миутини, иголи, мвимби, мутамби | |
| |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
1,6 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
кикуйю тілі | |
Діні | |
дәстүрлі нанымдар |
Кикуйю тілінің диалектісінде сөйлейді.[3]
Діні
Меру дәстүрлі нанымдарды ұстанады, протестанттар мен католиктер де бар.
Кәсібі
Дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатын егіншілік (тары, жүгері, бұршақ дақылдары), мал шаруашылығы (ұсақ мал, ірі қара мал негізінен беделді құндылыққа ие). Қолөнерден - керамика (әйелдер кәсібі), темір балқыту және соғу (қару және зергерлік бұйымдар), өсімдік талшықтарын тоқу, тері өңдеу, ағаш ою дамыған.[4]
Өмір салты
Дәстүрлі қоғамдық ұйым бес жастық тап пен рулық тайпалық бөлініс жүйесіне негізделген. Ру топтары үш категорияға біріктірілді - «қызыл», «ақ», «қара». Бір жас класынан екіншісіне ауысу (инициация рәсімдерімен бірге) 10-15 жылдан кейін жүзеге асырылды. Полигинияға рұқсат етілген.
Дәстүрлі қоныстары шашыраңқы орналасқан. Тұрғын үйлері дөңгелек, қабырғалары шыбықтармен өрілген сырықтардан жасалған, қаңқасы балшықпен сыланған.
Дәстүрлі киім – үй жануарларының терісінен немесе өсімдік талшықтарынан жасалған тері жамылғы мен алжапқыш.
Дәстүрлі тағам негізінен көкөністер (көкөніс дәмдеуіштері бар ботқа), аз дәрежеде - сүт өнімдері, етті сирек және көбінесе ер адамдар жейді.
Халық ауыз әдебиеті: мифтер (негізінен этногенетикалық), жануарлар ертегілері, мақал-мәтелдер; ғұрыптық әндер мен билер дамыған.[5]
Дереккөздер
- Народ Меру https://alphapedia.ru/w/Meru_people
- Племя Меру https://kenya-info.me/narody/meru
- народы мира / Меру http://www.etnolog.ru/people.php?id=MERU