From Wikipedia, the free encyclopedia
Мемлекеттік Дума (орыс. Государственная Дума, кейде қысқартылып орыс. Госдума) — Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы атты парламентінің төменгі палатасы.
Бұл мақала Ресей Федерациясы парламентінің қазіргі төменгі палатасы туралы. Ресей империясының парламенті үшін Мемлекет басшысы мақаласын көріңіз. |
Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасы орыс. Государственная Дума Российской Федерации | |
8-шақырылым | |
Мемлекет | |
---|---|
Түрі | |
Түрі |
Парламенттің төменгі палатасы |
Сайлану мерзімі |
4 жыл |
Басшылығы | |
Төрағасы |
Вячеслав Володин, ЕдРо |
Төрағаның бірінші орынбасары |
Александр Жуков, ЕдРо |
Құрылымы | |
Фракциялары |
Үкімет (325): Біртұтас Ресей: 325 Өзге партиялар (125): РФКП: 56 Әділ Ресей: 28 РЛДП: 23 Жаңа адамдар: 15 Өсім партиясы: 1 Партиясыз: 1 |
Сайлауы | |
Дауыс беру жүйесі |
Аралас жүйе |
Соңғы сайлауы |
17–19 қыркүйек 2021 |
Жиналыс залы | |
Штаб-пәтері | |
Тарихы | |
Құрылуы |
1993 жыл |
Ізашары |
РКФСР Жоғарғы Кеңесі |
Ресей Думасы қазіргі 8-шақырылымының 450 депутаты 2021 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде сайланған, депутаттар арасында 6 түрлі саяси партияның өкілдері бар.[1][2] Думаның 2016 жылдан бері төрағасы — «Біртұтас Ресей» мүшесі Вячеслав Володин.
Дума сөзі Ежелгі Русь заманынан бері әртүрлі кеңесші және өкілді органдарға қатысты қолданылатын (мысалы боярлық дума). Ал Мемлекеттік Дума аталатын орган алғаш рет 1905 жылы бүкілресейлік заң шығарушы орган ретінде пайда болды. Ресей империясының Мемлекеттік думасы 1917 жылға дейін қызмет етіп, ақпан төңкерісінен кейін таратылды.
КСРО мен РКФСР-да жоғары заң шығарушы органның функциялары тиісінше КСРО Жоғарғы Кеңесіне (1937–1991) және РКФСР Жоғарғы Кеңесіне (1938–1993), ал 1989 жылдан бастап КСРО халық депутаттарының съезіне және Ресей халық депутаттарының съезіне жүктелді.
1993 жылғы қыркүйек-қазан оқиғаларының бастау нүктесі болған Президент Борис Ельциннің №1400 «Ресей Федерациясындағы конституциялық реформаны кезең-кезеңімен жүргізу туралы» Жарлығы Съезді және Жоғарғы Кеңесті таратып, жаңа парламент жасап, сайлау өткізуді қарастырды. Жоспар бойынша Мемлекеттік Дума осы жаңа парламенттің төменгі палатасы болатын еді.
Одан кейінгі оқиғалардың нәтижесінде 1993 жылы 12 желтоқсанда Ресейдің жаңа Конституциясы қабылданған референдуммен бір мезгілде I-шақырылымдағы Мемлекеттік Думаның сайлауы өтті. Конституция Федералдық Жиналыс палаталарының бірі ретінде Мемлекеттік Думаның мәртебесін қамтамасыз етті.
Мемлекеттік Думаның Ресей Конституциясында бекітілген құқығы:
2022 жылғы Ресейдің Украинаға басып кіруі себебімен 2022 жылдың 24 наурызында Мемлекеттік дума депутаттарының 328-іне және Мемлекеттік Думаның өзіне АҚШ тарапынан санкциялар салынған еді.[3][4]
Партия | бір аудан бойынша | бір- мандаттық округтарда |
жалпы | |||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Дауыс саны | % | +/- % | Орындар | % | +/- | Орындар | +/- | Орындар | +/- | % | +/- % | |||
Біртұтас Ресей | 28 064 258 | 49,82 % | ▼4,38 % | 126 | 56 % | ▼14 | 198 | ▼5 | 324 | ▼19 | 72 % | ▼4,22 % | ||
РФКП | 10 660 599 | 18,93 % | ▲5,59 % | 48 | 21,33 % | ▲13 | 9 | ▲2 | 57 | ▲15 | 12,67 % | ▲3,34 % | ||
РЛДП | 4 252 096 | 7,55 % | ▼5,59 % | 19 | 8,44 % | ▼15 | 2 | ▼3 | 21 | ▼18 | 4,67 % | ▼4 % | ||
Әділ Ресей | 4 201 715 | 7,46 % | ▲1,24 % | 19 | 8,44 % | ▲3 | 8 | ▲1 | 27 | ▲4 | 6 % | ▲0,89 % | ||
Жаңа адамдар | 2 997 676 | 5,32 % | тұңғыш рет | 13 | 5,78 % | ▲13 | 0 | — | 13 | ▲13 | 2,89 % | тұңғыш рет | ||
Зейнеткерлер партиясы | 1 381 890 | 2,45 % | ▲0,72 % | 0 | — | — | 0 | — | 0 | — | — | — | ||
Яблоко | 753 280 | 1,34 % | ▼0,65 % | 0 | — | — | 0 | — | 0 | — | — | — | ||
Ресей Коммунистері | 715 685 | 1,27 % | ▼1 % | 0 | — | — | 0 | — | 0 | — | — | — | ||
«Жасылдар» | 512 420 | 0,91 % | ▲0,15 % | 0 | — | — | 0 | — | 0 | — | — | — | ||
Отан | 450 437 | 0,80 % | ▼0,71 % | 0 | — | — | 1 | ▬ | 1 | ▬ | 0,22 % | ▬ | ||
Бостандық және әділет | 431 559 | 0,77 % | тұңғыш рет | 0 | — | — | 0 | — | 0 | — | — | — | ||
Жасыл альтернатива | 357 855 | 0,64 % | тұңғыш рет | 0 | — | — | 0 | — | 0 | — | — | — | ||
Өсім партиясы | 291 483 | 0,52 % | ▼0,77 % | 0 | — | — | 1 | ▲1 | 1 | ▲1 | 0,22 % | ▲0,22 % | ||
Азаматтық платформа | 86 964 | 0,15 % | ▼0,07 % | 0 | — | — | 1 | ▬ | 1 | ▬ | 0,22 % | ▬ | ||
Партиясыз | 5 | ▲4 | 5 | ▲4 | 1,11 % | ▲0,89 % | ||||||||
Жарамды бюллетеньдер | 55 158 421 | 97,92 % | ▼0,21 % | |||||||||||
Жарамсыз бюллетеньдер | 1 171 369 | 2,08 % | ▲0,21 % | |||||||||||
Жалпы саны | 56 329 790 | 100 % | — | 225 | 225 | — | 225 | — | 450 | — | 100 % | — | ||
Сайлаушылардың жалпы саны және сайлауға қатысуы | 109 204 319 | 51,68 % | ▲3,8 % |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.