жан-жақты операциялық үстелдер - рентген өткізгіш тақтадан, тумбадан және дубляждалған басқару жүйеден (гидравликалық, электромеханикалық және электрогидравликалық) тұрады; қол ұстағыш, аяқ қойғыш, иық және қабырға тірегіштер, аяққа арналған таяныш, жұмыр жастық, бас сүйегіш, тартқыштар, таған сияқты алмалы-салмалы түрлі тетіктерді қолдану операциялық үстелдерді әр түрлі қалыпқа келтіреді;
жаңа туған нәрестеге арналған санитарлық үстел (тұрақты температура ұстайтын қондырғы, тумбасында керекті жабынды жиынтық қойылған, алдыңғы жағына нәрестенің бойын өлшейтін сызғыш орнатылған);
таңу (перевязочный) үстелі - фельдшер-акушерлік пункттерде шағын операция жасауға және таңу шараларын жүргізуге арналған, оны гинекологиялық кресло ретінде де пайдалануға болады;
жиналмалы таңу үстелі (дөңгелегі алмалы-салмалы);
палаталарда ауруларға медициналық көмек көрсету үшін, операциялық бөлімдерде, перзентханаларда дәрілерді, таңу материалдарын, дезинфекциялау ерітінділерін, құралдар мен аспаптарды қоятын және тасымалдайтын үстелдер қолдану мақсатына байланысты әр түрлі аталады: анестезиологиялық, құрал-жабдықты, акушерлік, манипуляциялық, төсек жанына арналған, операцияға және қолға оңтайлы, стоматологиялық, хирургиялық және т.б.
Емдеу және тексеру іс-шараларын жүргізетін жабдықтар