From Wikipedia, the free encyclopedia
Мақпал Мұхамедиярқызы Жүнісова (1963 жылы 11 қаңтарда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Теректі ауылында туған) — кеңестік және қазақ эстрада әншісі (драмалық сопрано), профессор. Қазақстанның халық әртісі (1994 ж.), ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1999 ж.). Халықаралық конкурстардың лауреаты.
Мақпал Мұхамедиярқызы Жүнісова | |
Толық аты |
Мақпал Мұхамедиярқызы Жүнісова |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Белсенділік жылдары |
1981 — қазіргі таңда |
Мемлекет | |
Мамандықтары | |
Дауыс түрі |
Лирикалық сапрано |
Аспаптары | |
Жанрлары |
эстрадалық романс, джаз, Халық әндері |
Лақап аттары |
«Қазақ эстрадасының примадоннасы» «Қазақтың ерке қызы» «Орта Азия Бұлбұлы» «Ғасыр әншісі» |
Ұжымдары |
"Гүлдер" ансамблі, Қазақконцерт |
Марапаттары | |
makpal.kz |
Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Мақпал Жүнісова 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 31 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды. 1981 жылы Днепропетровск қаласында өткен бүкілодақтық конкурста гран-при иеленіп КСРО-ның ең үздік әйел әншілерінің үздік ондығына кіріп, үлкен танымалдылыққа ие болды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мәдени-ағарту факультетін бітірген (1988), ұйымдастырушы-әдіскер. 1981 жылдан бері - «Қазақконцерт» Қазақ мемлекеттік концерттік бірлестігінің солист-вокалисі. Жоғарғы "Ленин-комсомол" сыйлығының иегері (1982 ж.). Халықаралық "Жігер" фестивалінің лауреаты (1983 ж.). Халықаралық "Ж. Малдыбаев атындағы сыйлықтың" иегері (1985 ж. Қырғызстан). Өзбекстан Республикасы президентінің жеке сыйлығы. (1987 ж. Өзбекстан). ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1989). «Азия дауысы» Халықаралық конкурсының 2 дүркін "Гран-при" иегері (1996, 1997 ж.) Қазақстан Республикасы президентінің жеке сыйлығының иегері (1998 ж.) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры (1996 ж.). I. Жансүгіров атындағы Қазақ педагогикалық институтының профессоры (1997 ж.).
Әншінің анасы 13 құрсақ көтергенімен, олардың 8-і ғана тірі қалады. Бүгінде әулетте 6 қыз,2 ұл бар. Әкесі өмірден ерте қайтқан, ал анасы ұлы мен келінінің қолында. Жақындарының айтуынша, Мақпал Жүнісова төрт жасынан бастап бес жүз адамға арналған клубта ән айтып, сахнаны еркін меңгере бастаған. Оның әншілігі тойларда, думандарда, әртүрлі мерекелерде ұшталып жатты десе де болады. Мектепте үздік оқып, ата-анасын мақтау қағаздарымен жиі қуантқан. Әкесі Мұхамедияр қарапайым шаруа адамы болса да, табиғатынан дана кісі. Мақпалды үшінші сыныпта Қарағандыдағы музыка мектебіне әкелу керек деген ой осы әкесінің шешімі болған. Көп ұзамай әнші аталған мектепте музыкалық білім алып қана қоймай, орыс тілін меңгере бастайды.[1]
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мәдени-ағарту факультетін 1988 жылы бітірді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.