Атырау қаласынан солтүстікке қарай 68 км жерде, Жайық өзенінің оң жағасында орналасқан. [1].
Тарихы
Негізі 1928 жылы қаланған. 1963 жылға дейін “Жаманқала (Яманка)" деп аталып, Бақсай ауданының орталығы болып келді. 1963 жылы Бақсай мен Есбол аудандары біріктірілгеннен кейін, Махамбет ауданының орталығы болды. Қазіргі атауы Махамбет Өтемісұлы құрметіне берілген.[2] Ауылда 3 орта мектеп, арнайы мектеп-интернат, 5 балабақша бар.
Халқы
1989 жылы елді мекенде 7123 адам тұрған.[3]1999 жылы тұрғындар саны 6685 адам (3191 ер адам және 3494 әйел адам) болса, 2009 жылы 8012 адамды (3854 ер адам және 4158 әйел адам) құрады.[4]
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 10685 адамды (5260 ер адам және 5425 әйел адам) құрады.[5]
Мәдени-әлеуметтік мекемелері
Мектептер
Есенбай Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі – Жаманқала орта мектебі болып 1938 жылы құрылды. 1985 жылы жаңа мектеп үйіне көшірілді. 1999-2000 оқу жылынан бастап білім ордасына мектеп түлегі, профессор Есенбай Ағелеуов есімі берілді.[6]
Дүйсенғали Төленов атындағы орта мектеп — 1938-1940 жылдары салынған. 1940-1949 жылдары Жаманқала балалар үйі, 1950-1960 жылдары пансионат болып, 1960-1961 оқу жылынан бастап Махамбет мектеп-интернаты болып құрылған. 1990-1992 жылдары мектеп-интернат жабылып, сол кездегі аудан әкімі Қ.Сирановтың шешімімен мектеп болып ашылған. 1993 жылы мектеп-гимназия статусын алып, 2000 жылдың 29 қаңтарында аталмыш оқу орнына бірнеше жыл директор болған Дүйсенғали Төленов есімі берілген.[7] 2023 жылы 1 қыркүйекте мектептің 600 орындық жаңа оқу корпусы 300 орындық интернатымен бірге пайдалануға берілді.[8]
Оңай Шонаев атындағы орта мектеп — 1972 жылы 350 орынға арнап сегізжылдық мектеп ретінде салынып, батыр Оңай Шонаевтың есімі берілген. 1982 жылдан бері жалпы орта мектеп.[9]
Атырау облыстық көмекші мектеп-интернаты – 1974 ж. мектеп-интернат іргетасы салынды. Сол жылы Новобогат ауданы Сағыз станциясынан облыстық ақыл-есінде ауытқушылығы бар балалар мектебі Махамбет ауданына көшіп, орналасты.[10]
З.Ещанова атындағы балалар өнер мектебі – өз жұмысын 1973 жылы бастаған.[11]
Мектепке дейінгі білім
"Алтын балық" бөбекжай-бақшасы — № 1 балабақша болып 1954 жылдан бастап жұмыс жасаған. 1980 жылы № 1 балабақша жаңа типтік жобамен салынған 140 орындық жаңа ғимаратқа көшірілген. Балабақшаға "Алтын балық" атауы осы жылдан бастап берілген.[12]
"Жауқазын" бөбекжай-бақшасы – 1969 жылы 14 тамызда құрылған. 2000 жылы мектеп ғимараты бейімделіп, балабақша орнына берілген. Сыйымдылығы - 140 орын.[13]
"Қызғалдақ" бөбекжай-бақшасы
"Шолпан" бөбекжай-бақшасы – балабақша ғимаратының негізі 1973 жылы қаланған. 2014 жылғы қараша айында балабақша күрделі жөндеуден өтіп, қолданысқа берілді.[14]
"Алтын-Ай" бөбекжай-бақшасы – 2014 жылы 9 қазан күні салынып берілген. Бөбекжай 280 орындық типтік жобамен салынған.[15]
"Нұршуақ" бөбекжай-бақшасы – 2016 жылы маусымнан бері жұмыс жасайды. Сыйымдылығы - 280 орын.[16]
Мәдени және спорт мекемелері
Махамбет тарихи-өлкетану мұражайы — 2003 жылы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына орай Орталық алаңда ашылған.
Өнерпаз аудандық мәдениет үйі
Махамбет аудандық орталық кітапханасы
Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі — алғаш 1969 жылы 12 тамызда ашылған. 2003 жылы жаңа ғимараты пайдалануға берілді.
Спорт кешені — 2022 жылы мамырда ашылды. Сыйымдылығы 160 орындық. [17]
Денсаулық сақтау
Махамбет аудандық орталық ауруханасы – 2001 жылы жаңа екіқабатты ғимараты пайдалануға берілген.[18]
Аудандық емхана – 2010 жылы желтоқсан айында ашылған. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша бой көтерген үш қабатты емхана күніне 250 адамға қызмет көрсете алады.[19]
Инфрақұрылымы
Сүт зауыты, Төменгі Жайық суландыру жүйесінің басқармасы, Нарын көгалдандыру-мелиорациялық стансасы, "Агротехника" өндірістік кооперативі бар. Махамбет ауылы арқылы Атырау - Орал электр желісі мен Атырау - Индербор - Самара мұнай құбыры өтеді[20]. 2018 жылы жаңа көпір ашылды.[21]
Діни ұйымдар қызметі
«Исатай-Махамбет» мешіті — 2003 жылы ашылған. Ұзындығы 25 метр, ені 15 метр, жалпы көлемі 80 шаршы метр. Биіктігі 22 метрлік бір мұнаралы, биіктігі 4 метрлік бір күмбезді. Ғимаратқа 150 шырағы бар аспалы шам ілінген. Мұнда бір мезгілде 130 ер және 30 әйел намаз оқи алады.[22]
Ауыл суреттері
More information Аудандық әкімдік, Орталық көше ...