Масанчи ауылындағы қақтығысЖамбыл облысы Қордай ауданындағы Масанчи ауылында және көршілес елді мекендерде 2020 жылдың 7 ақпанында қазақтар мен дүңгендер арасында орын алған ұлтаралық қақтығыс[1][2][3][4].

Quick Facts Дата, Орын ...
Масанчи ауылындағы қақтығыс
Негізгі қақтығыс: Қазақстандағы ұлтаралық қақтығыстар
Дата

5-8 ақпан 2020 жыл

Орын

Қазақстанның Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе, Аухатты, Қаракемер, Масаншы, Қарасу және Қарасай ауылдық округтері

Нәтиже

9 дүнген, 2 қазақ қаза тапты;
185 адам медициналық көмекке жүгінді;
барлығы 778 адам зардап шекті;
23 мыңнан астам тұрғын Қырғызстанға қашып кетті;
39 тұрғын үй, 20 коммерциялық нысан және 47 бірлік автокөлік өртенді;
материалдық шығын 1,7 млрд теңгені құрады.

Қарсыластар

Дүңгендер

қазақтар

Қолбасшылары

ағайынды Воингуйлар

?

Жалпы шығындар
Жарақаттанды: 185 қаза тапты: 11 тұтқындалды: 5 ұсталды: 25

 

Close

Қазақстандағы дүңгендер

Тағы қараңыз: Дүңгендер
Thumb
Ұлттық киімін киген Сортөбе ауылының дүңген қыздары.
«Дүңгендер» деп хуэй халқының (мұсылман қытайлар) Орта Азияға XIX ғасырдың соңғы бөлігінде қоныс аударған бөлігін атайды. Дүңгендер өз-өздерін дүңгенше «хуэйзў» (яғни «хуэй халқы») деп атайды. Бұл ұлттың өкілдері Қордай ауданы тұрғындарының үштен бір бөлігін құрайды (33,8 %, 2019 жыл). 2020 жылдың ақпанындағы ұлтаралық қақтығыс негізінен дүңгендер мекен еткен және Қырғызстанмен шекараға таяу орналасқан Масанчи, Сортөбе, Ауқатты және Бұлар батыр ауылдарында орын алды.

Қақтығыстың барысы

Себептері

Қақтығыстың басталуына 5 ақпан күні Қаракемер ауылының тұрғындары Құдашбаевтар отбасының өкілдері — 76 жасар қария Төлеген Құдашбаев (09.05.1943 дүниеге келген) пен оның екі ұлы Марлен мен Нұрланның Сортөбе ауылында бір топ дүңгендермен соққыға жығылуы себеп болды.

Сортөбедегі автокөлік жолын бөгеп тастаған жүк көлігінің кесірінен басталған жанжалдың барысында жарақат алған Төлеген Құдашбаев Алматыға ұшақпен жөнелтіліп, оның жамбас буынына ота жасалды. Төлеген Құдашбаевтың екі ұлы — Марлен Құдашбаев пен Нұрлан Құдашбаев ауруханаға түсті. Олардың айтуынша, жанжалға он дүңген қатысқан. Төбелесті тоқтатқысы келген II топ мүгедегі Төлеген Құдашбаевты теуіп құлатқан олар, әкесіне көмекке ұмтылған Марлен Құдашбаевтың басын таспен ұрған[5].

7 ақпан күні сол Сортөбе аулында тағы бір оқиға орын алды — жеңіл автокөлікті тоқтатқан жол сақшыларына жергілікті тұрғындардың қол жұмсағаны түсірілген бейнежазба Интернет желісіне тарады[6].

«Қазақстан дүңгендері қауымдастығының» өкілі Хусей Дауровтың айтуы бойынша, Сортөбедегі жанжалға екі қазақ пен төрт дүңген қатысқан, ал қария Төлеген Құдашбаев төбелестің барысында байқаусызда жарақат алған. Дүңген ақсақалдары бұл оқиғадан кейін жағдайды бейбіт түрде шешу үшін жапа шеккендерден кешірім сұраған екен. Кейінірек Сортөбеге 15 жуық жол сақшыларының экипажы келіп, көліктерді тоқтатып, пара талап ете бастаған. Дауровтың айтуынша, бұған қарсылық танытқан бірнеше дүңген олармен қақтығысып қалған[5].

7 ақпан оқиғалары

7 ақпан күні кешкі уақытта Масанчи, Сортөбе, Ауқатты, Бұлар батыр ауылдарында 1000 адамға дейін қатысқан жаппай төбелес орын алды[6]. Оқиға куәгерлері мен арандатушылар қақтығысты бейнеге түсіріп, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратып, Қазақстан тұрғындарын дүңгендерге қарсы заңға қайшы әрекеттерді іске асыруға үндей бастады. Қақтығыс болған ауылға ҚР ІІМ қосымша күштері жиналып, 8 ақпан күні таңертең Алматыдан әскерилер келді.

Қақтығыстың салдары

Бастапқыда қақтығыстың салдарынан 8 адам қаза тапқаны туралы хабар тарады[6], кейіннен олардың саны 11 жетті[7]. 30 үй, 15 сауда алаңы және 23 автокөлікке залал келтірілді. Қаза тапқандардың көбісі дүңгендер: Исыров Баху (1988), Чонтей Абдула (1986), Харсанов Рам, Ясыров Малик, Шисыр Рахим, Хишанло Сулейман, Лохаш Лугмар, Киров Исхар. Қақтығыстан кейін 47 адам қамауға алынды, бірақ көп ұзамай олардың 44 бостандыққа шығарылды[6].

9 ақпан күні Қазақстанның ресми өкілдері Қордай ауданының 12 мың тұрғынының көршілес Қырғызстанға кетуге мәжбүр болғанын мойындап, оларды Қазақстанға қайтып келуге үндеді. 10 ақпан күні премьердің орынбасары Бердібек Сапарбаев шын мәнінде Қырғызстанға қашқан Қазақстан азаматтарының саны 24 мың екенін мәлімдеді[8]. Бұл Қордай ауданындағы дүңгендердің жартысына тең.

Масанчидағы ұлтаралық қақтығыстан кейін Жамбыл облысының әкімі мен оның орынбасары, Қордай ауданының әкімі, Жамбыл облысы мен Қордай ауданының полиция департаменттерінің басшылары қызметтен шеттетілді. Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының жаңа әкімі атанды[6].

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.