Мартиника
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мартиника (фр. Martinique) — Кариб теңізіндегі Кіші Антиль аралдар тобына кіретін, Францияның иелігіндегі аумақ. Әкімшілік орталығы — Фор-де-Франс. Ресми тілі — француз тілі. Жері 1,128 мың км². Халқы 385 мың (1999).
Мартиника |
---|
фр. Martinique | ||
---|---|---|
(Аймақ туы) | ({{{Логотип атауы}}}) | |
Орналасуы | ||
| ||
Астанасы | Фор-де-Франс | |
Кеңес президенті | Альфред Мари-Жан | |
Префект | Анж Мансини | |
Департаменттер | Мартиника (972) | |
Округтер | 4 | |
Кантондар | 45 | |
Коммунналар | 34 | |
Жер аумағы1 | 1128 км² | |
1 Өзен, су, көлдерді және ауданы 1 км² астам мұздықтарды, сондай-ақ өзендердің эстуарийлерін санамағандаға жер реестрі бойынша. | ||
Халқының негізгі бөлігін Африкадан әкелінген құлдардың ұрпақтары құрайды. Тұрғындарының көпшілігі — католиктік христиандар.
Мартиниканы Франция президенті тағайындаған префект басқарады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары — құрамы 45 мүшеден тұратын Бас Кеңес пен 41 мүшесі бар Аймақтық кеңес. Француз парламентінің құрамында М-дан сайланған 4 депутат пен 2 сенатор бар. Франция территориясы болғандықтан ақша бірлігі — еуро (2004).
Мартиника аралы негізінен вулкандық жыныстардан құралған. Ең биік жері — Монтань-Пеле (1397 м.) Климаты тропиктік, пассаттық. Айлық орташа температурасы 24 — 27°С. Жаңбырлы мерзім шілде айынан қарашаға дейін созылады. Жылдық жауын-шашын мөлш. 1500 — 2000 мм-ге тең. Мартиникада тропиктік ормандар (пальма, нан ағаштары) көп. Мартиника аумағын ежелгі заманнан дейінгі тарихы аз зерттелген.