From Wikipedia, the free encyclopedia
Мако акуласы (лат. Isurus oxyrinchus) - Майшабақты акулалар тұқымдасының ірі уәкілі. Акулалардың ең агрессивті түрлерінің бірі. Адам үшін қауыпты: «International Shark Attack File» тізімінде 1980 жылдан 2010 жылға дейін Мако акулалардың адамға 42 шабуыл, оның 3-уі адам өлімімен аяқталған және 20 рет қайыққа шабуыл жасаған.[2].
Мако акуласы | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Isurus oxyrinchus Rafinesque, 1810 |
Мако қысқа жүзбеқанатты акуласының дене пішіні тегіс, ұршық тәрізді және ұзын тұмсықты болып келеді. Кеуде жүзбеқанаты қысқа, арқа жүзбеқанаты орақ тәрізді иілген. Бір жүзбеқанаты екіншісіне қарағанда, қасқалау болып келеді. Тістері жіңішке, аздап қайырылған. Мако қысқа жүзбеқанатты акуласының ұзындығы 3,9 метрге дейін өседі, шамамен 11-25 жыл өмір сүреді[3]. Сүйекті балықтармен, макрель бекіре, қылыш балықтармен, акуланың кейбір түрлерімен т.б қоректенеді. Бес желбезек тілігі болады, көзі жақсы дамыған және пышақ тәрізді тістері анық білініп тұрады. Сағатына 50 шақырым қашықтықты жүзеді және теңіз деңгейінен ауаға 9 метр биіктікке секіре алады[4]. Әлемде кеңінен таралған. Жағы мен тістері әшекей немесе сән бұйымы ретінде жиі сатылады. Аналықтары 3 метрге жеткенде, жыныстық жағынан жетіледі[5].
Мако акуласы тропикалық және қоңыржай теңіздерде кең таралған. Мако акуласын мекендеген аймағына байланысты үш түрге жіктейді:
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Isurus oxyrinchus |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.