From Wikipedia, the free encyclopedia
Мажар Кеңес Республикасы (маж. Magyarországi Tanácsköztársaság) — Мажарстандағы пролетариат диктатурасының мемлекеті. 1919 ж. (21 наурыз – 1 тамыз) өмір сүрді.
Мажар Кеңес Республикасы маж. Magyarországi Tanácsköztársaság Кеңестік республика РКФСР қуыршақ мемлекет | |||||||||
| |||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||||
Ұраны «Világ proletárjai, egyesüljetek!» | |||||||||
Әнұраны Интернационал (әнұран) | |||||||||
МКР аумағы қызыл түспен белгіленген | |||||||||
Астанасы | Будапешт | ||||||||
Тіл(дер)і | мажарша | ||||||||
Басқару формасы | Кеңестік республика | ||||||||
Сыртқы істер халық комиссары | |||||||||
- 1919 | Бела Кун | ||||||||
Президент | |||||||||
- 21 наурыз 1919 — 1 тамыз 1919 | Шандор Гарбаи | ||||||||
Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы | |||||||||
- 21 наурыз 1919 — 1 тамыз 1919 | Шандор Гарбаи | ||||||||
- 1 тамыз 1919 — 6 тамыз 1919 | Гиула Пейдл | ||||||||
МСР 1-дүние жүзілік соғыс кезінде Мажарстанда саяси экономикалық езгінің күшеюінен туған революция өрлеу нәтижесінде және Ұлы Қазан социалистік революциясының ықпалымен құрылды.
С.-д. партия мен Мажарстан Компартиясының (МКП) өзара бірігуі (21 наурыз) нәтижесінде ұйымдасқан Мажарстан социалистік партиясының (МСП) өкілдері үкімет басына келді. Сол күні МСР жарияланды.
Алғашқы үкімет – Рев.үкімет кеңесі (РҮК) құрылды.
Социал-демократ Ш. Гарбаи РҮК председателі болып тағайындалды. МКП негізін қалаушылардың бірі, шетел істері жөніндегі халық комиссары Б. Кун МСР-дің саяси басшысы болды.
22 наурызда В.И.Ленин МСР үкіметіне құттықтау жіберді, РҮК капит. кәсіпорындарды, шахталарды, қатынас должарын, банкілерді, жер иеліктерін мемлекеттік меншігіне айналдырды, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді, балаларды тегін оқыту шарасын белгіледі.
Мажар Қызыл армиясын ұйымдастырды. Жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестерінің съезі (14-24 маусым) шақырылды, онда МСР Конституциясы қабылданды, республиканың Ортарлық Атқару Комитеті сайланды. Сәуірде Антанта МСР-ге қарсы қарулы интервенция ұйымдастырды.
Елдің экономикалық жағдайы күрт нашарлады. РҮК-тегі кейбір социал-демократтар солқылдақтық жасап, оңшыл социал-демократ тарірікті сала бастады. Ал коммунистер мен оларға қосылған солшыл социал-демократтар жұмысшы табын күреске шақырды.
Алайда Антантаның шабуылы және ішкі оңшыл социалистердің қысымы салдарынан МСР үкіметі 1 тамызда орнынан түсті. МСР 133 күн өмір сүргенімен, оның мажар және халықар. жұмысшы қозғалысы үшін аса зор маңызы болды.
Мажар Социалистік Жұмысшы Партиясы (ВСЖП, Magyar Szocialista Munkàspàrt) – ВСЖП тарихы Мажарстан Коммунистік партиясының (ВКП) негізі қалауынан (24 қараша, 1918) басталады. ВКП-ге солшыл социал-демократтар тобы, Ресейдегі Ұлы Октябрь соц. революциясы мен Азамат соғысына қатысқан венгр интернационалистері (бұрынғы соғыс түтқындары) – РК(б)П венгр тобының (1918 ж. наурызда Мәскеуде құрылды) мүшелері кірді. ВКП-нің негізін мына адамдар қалады: Б.Кун, Т.Самуэли, Ф.Янчик, Ф.Мюнних, О.Корвин, Э.Пор, Й.Рабинович т.б.
ВКП басшылығымен (1919 ж. 21 наурызда ВКП мен С.-д- партия қосылып, Мажарстан социалистік партиясы (ВСП) деп аталды) жұмысшы табы еңбекші жалықтың көмегіне сүйене отырып, 21 наурызда Мажар Кеңес Республикасының (1919) жариялады және еңбекшілердің мүддесін көздеген түбегейлі әлеуметтік өзгерістерді жүзеге асыра бастады. Халықар. империализм мен ішкі реакция күштерінің бірігуінен Мажарстанда Кеңес өкіметі құлатылғаннан кейін (1919 ж. тамыз), ВСП тарап кетті. Мажар коммунистері үшін Хортидің фашистік диктатурасы жағдайында ұзақ уақыт астыртын жұмысқа көшу кезеңі туды.
1925 ж. 18-21 тамызда Венада ВКП-нің 1-съезі болды. Съезд бір орталыққа бағынған астыртын партия құру жөніндегі жұмыс қорытындысын шығарып, партия ұйымдарын онан әрі нықайтуға бөгет болған жікшілдік күресті айыптады, партияның міндеттерін белгіледі, уставын бекітті, ОК құрамын сайлады; оған Б.Кун, Е.Ландлер, И.Гёгёш, К.Хаман, К.Эри, И.Комор, М.Ракоши, И.Ваги кірді.
1930 ж. ақпан-наурызда ВКП-нің 2 съезі болып өтті; съезд «Партияның жаңа міндеттері» атты шешім, партияның уставын, саяси және ұйымдық мәселелер жөнінен бірсыпыра маңызды қаулар қабылдады. 1929-1933 ж. ВКП солшыл социал-демократтармен бірге Шальготарьян кеншілерінің 4 апталық ереуілін (1929), Будапештте жұмыссыздардың 150 мың адам қатысқан ереуілін (1 қыркүйек, 1930), астананың құрылысы жұмысшыларының 10 мың адам қатысқан ереуілін, металшылардың, тоқымашылардың стачкаларын (1933) т.б. ұйымдастырды.1935-1939 ж. жалық майданын құру туралы талай рет бастама көтерді.
2-дүние жүзілік соғыс (1939-1945) кезінде ВКП Гитлер Германиясы мен оның венгрлік одақтастарына қарсы күрестің инициаторы болды. Коммунистердің бастамасымен 1944 ж. майда антифашистік Мажар майданы құрылды. Компартия неміс және мажар фашистеріне қарсы партизан күресіне жаппай басшылық етті. Кеңес Армиясы Мажарстанны фашизмнен азат ете бастаған кезде (1944 ж., қыркүйек), коммунистер партиясы ашық жұмысқа көшіп, аз уақыттың ішінде-ақ жұмысшы табының бұқаралық ұйымына айналды. Партия тез арада демокр. мемлекет құру, феодалдарға қарсы реформа жүргізу, бүлінген халық ш-н қалпына келтіру жолындағы кұресті өрістетті. ВКП-нің бастауымен 1944 ж. 21 желтоқсанда Дебреценде Уақытша жиналыс шақырылып, онда мажар ұлттық тәуелсіздік майданының коалициалық уақытша ұлттық үкіметі құрылды. ВКП 1945 ж. аграрлық реформаны жүзеге асыруға басшылық етті. Компартияның 1946 ж. қыркүйек-қазанда болып өткен 3-съезі жаңа устав өабылдап, халық.-демокр. Мажарстанны құру жөніндегі негізгі міндеттерді белгіледі. ВКП елді қалпына келтірудің және дамытудың үш жылдық жоспарын ұсынды. Партияның бастамасымен 1946-49 ж. өнеркәсіп, банкілер, транспорт мемлекет меншігіне айналдырылды.
1948 ж. маусымда компартия марксизм-ленинизм қағидалары негізінде Социал-демократ партиямен бірігіп, Мажар еңбекшілер партиясы (ВЕП) деп аталды. 1948 ж. маусымда бірігу съезі партияның уставы мен программалық декларация қабылдады. Бұл документтерде Мажарстанда соц. қоғам орнату ВЕП мақсаты екені атап көрсетілді. 1950 ж. Мажарстан халық шаруашылығын дамытудың 1-бесжылдық жоспары жүзеге асырыла бастады. Осы кезеңде ВЕП 2-съезі (1951 ж. ақпан-наурыз) партияның бұрынғы басшылығының (М.Ракоши) ұсынысы бойынша бесжылдықтың жоспарлы тапсырмаларын дәлелсіз арттырып, өрескел қате жіберді. Бұл елдің экономик. дамуында үйлемсіздіктің, ішкі қайшылықтардың пайда болуына әкеліп соқтырды. Жоспарлау саласында Мажарстанның ерекшеліктері мен нақты жағдайы ескерілмеді, дүн.соц. жүйеге кіретін мемлекеттер арасындағы экономик. ынтымақ пен кооперациялаудың маңызы жете бағаланбады. Бұл қателер 1951-53 ж. халықтың әлауқат дәрежесінің біраз төмендеуіне әкеліп соқтырды.
Партия мен үкіметтің бұрынғы басшылары басқа да қателерге жол берді (ішкі партиялық өмірдің, соц. заңдылықтың лениндік нормалары бұзылды). ВЕП ОК-нің пленумы 1953 ж. маусымда соц. құрылыстың барысында жіберілген қателердің бетін ашты, кейінірек мұны партияның 3-съезі (1954 ж. май) растады. Алайда жіберілген қатерлерді түзету барысында ВЕП басшылығы дәйексіздік әрі принципсіздік көрсетті. Осының салдарынан пролет. диктатурасы әлсіреп, партия өмірінде және елді басқаруда дағдарыс туды, И.Надь (1953 ж. шілде – 1955 ж. сәуір Мин.Кеңестінің пред.) бастаған оңшыл ревизионистік топтардың партияға қарсы ірікті салу әрекеттеріне қолайлы жағдай жасалды. Ақыры Батыстың капит. мемлекеттері империалистік топтарының айықтауына сенген, ВЕП ішіндегі И.Надь ревизионистік топтарына арқа сүйеген ішкі контррев. күштер 1956 ж. 23 қазанда контррев. бүлік шығарды [К.Мажарстандағы контрреволюциалық бүлік (1956)]. Бұл ауыр кезенде Я.Кадардың басшылығымен құрылған жаңа рев. орталықтың төңірігіне топтасқан партияның адал күштері жұмысшы табы мен шаруалардың рев.күштерін жұмылдырып, тап жауларының шабуылын тоқтатты, оған қарсы соққы беріп, контррев. бүлікті талқандады. Сонымен қатар партияны қайта құру шаралары жүзеге асырылды.
Мажар Соц. жұмысшы партиясы (МСЖП) деп аталды. Контрреволюциялық бүлікті басуға Сов. Одағы үлкен көмек көрсетті, мажар еңбекшілерінің күресін басқа да соц. елдер қолдады. 1957 ж. 27-29 маусымда Будапеште МСЖП-нің Бүкіл мажарлік конференциясы болып өтті; конференция партияны қайта құруды аяқтады, ревизионистік көзқарасқа, догматизм мен сектанттыққа өлтіре соққы берді, жаңа басшылықтың лениндік саясатын мақұлдады, партияның уставын бекітіп, басшы органдарын сайлады.
МСЖП басшылығымен елде соц. құрылыс өрістей түсті. 1957 жылдың аяғында бүліктен зардап шеккен жалық ш.қадпына келтірілді. Өндіріс және еңбекшілерінің тұрмыс дәрежесі өткен жылдырдағы көрсеткіштерден асып түсті. МСЖП 7-съезі (қараша-желтоқсан, 1959) елдің жалық шаруашылығын өркендетудің 1961-65 жылдарға арналған 2-бесжылдық жоспарын даярлау жөніндегі директиваларды бекітті, партия уставына кейбір өзгерістер енгізді. Ал партияның 8-съезі (қараша, 1962) елде соц. қоғам негіздерін жасау аяқталғанын, қала мен аулда бір тұтас соц. өндіірстік қатынастар қалыптасқанын атап көрсетті. Съезд партияның жаңа уставын қабылдады. 1966 ж. қараша-желтоқсанда партияның 9-съезі болды. Съезд елде толық соц. қоғам орнату жөнінде партияның белгілеген сара жолының дұрыстығын дәлелдеген кезде қарар қабылдады, социализм құрылысы алдағы кезеңнің міндеттерін белгіледі. Съезд уставқа өзгерістер енгізеді. МСЖП-нің 10-съезі (1970 ж. 23-28 қараша) партия өзінің сара жолынан таймайтындығын тағы да көрсетті, социализмді толық орнату жолында күресе беретіндігін жариялады, уставқа біраз өзгеріс жасады.
МСЖП делегациясы Коммунистік және жұмысшы партиялары өкілдерінің кеңестеріне (қараша, 1957, қараша, 1960 маусым, 1969, Москва) қатысып қабылданған документтерге қол қойды.
МСЖП демократиялық централизм негізінде құрылған. Жоғары органы – съезд. Ол ОК мен Орталық бақылау комиссиясын сайлайды. ОК пленум аралықтарында ОК-нің жұмысына басшылық ету үшін Саяси бюро және партияның күнделікті жұмысына басшылық ету үшін ОК Секретариятын сайлады. МСЖП ОК-нің бірінші секретары Я.Кадар (1957 ж. маусымнан). 1970 ж. қарашада МСЖП қатарында 662 мыңнан аса мүше болды. Партияның Орталық баспасөз органы – «Непсабадшаг» газеті, теориялық және қоғамдық-саяси органы – «Таршадалми семле» журналы.
Мажар тілі – мажар (мадъяр) халқының тілі. Фин-угор тілдерінің угор тобына жатады. Мажарстандан өзге Румыния, Югославия, ЧСР шекара аудандарына, Сов. Закарпатьеге тараған. Мажар тілінде 14 млн-дай адам сөйлейді. Мажар тіл фонетикасынан (түркі тілдеріндегідей) сингармонизм берік орын алған. Екпін сөздің бірінші буына түседі.
Морфологиялық құрылысы жағынан. Мажар тілі – агглютинатив тіл. Грамматикалық род категориясы жоқ. Тәуелдік формасы бар. Септік жалғаулары 20 шақты. Жаңа сөз көбінесе жұрнақтар арқылы және екі түбірдің бірігуінен жасалады. Сан есіммен тіркескен зат есімдер жекеше қолданылады. Сын есім мен сан есім анықтауыш болғанда, анықталшы сөзбен қабыса байланысыда. Мажар тіл лексикасында көптеген түрік сөздерімен қатар неміс тілінен ауысқан кірмелер бар. Мажар тілінің бірінші жазба ескерткіші – «Құлпытас сөзі» (1200 ж. шамасы). Мажарстанда кітап шығару 1473 ж. басталғанымен, әдеби жәдігерліктер 16 ғасырдың 2 жартысына дейін латын және неміс тілдерінде жазылып келген. Ұлттық сананың оянуына 16-17 ғасырда Мажар тілінде жазуға ұмтылыс басталды. Ол 19 ғасырда «тіл жаңарту» қозғалысына ұласты. Мажар әдеби тілі сөйлеу тіліне жақын.
Мажар Ұлттық Галереясы – Будапештегі ұлттық көркемөнер музейі. 1957 ж. ашылған. Мұнда 19-20 ғасырдағы кескіндеме, графика, мүсін өнерінің шығармалары сақталған. Музей үйін 1894-1896 ж. А.Хаусман тұрғызған.[1][2]М[3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.