Луна-9
From Wikipedia, the free encyclopedia
Луна-9 — Ай бетіне жұмсақ қонған әлемдегі тұңғыш ғарыш кемесі.
Quick Facts Луна-9, Ұйымы ...
Луна-9 | |
---|---|
Ұйымы | КСРО, Лавочкин ат. КБ |
Тапсырысы | Планета аралық автомат станция |
Ұшыру күн-айы | 1966 ж. 31 қаңтар, Байқоңыр |
Сөре көлігі | Молния-М зымыран-тасығышы |
Тапсырыс ұзақтығы | 6 күн, 11 сағат, 10 минут |
NSSDC нөмірі | 1966-006A |
Массасы | Жалпы 1583,7 кг ААС 100 кг |
Close
Ол Айға Автоматты ай станциясын (ААС) жеткізді. ААС алғаш рет Ай бетінің телепанорамасын түсіріп, оны Жерге трансляциялады.
Луна-9 станциясының ұзындығы 2,7 метр, ал Автоматты ай станциясының диаметрі 58 сантиметр болды. ААС-ң екі жағынан оны қорғайтын амортизаторлық баллондар орнатылған еді, төрт антеннасы қонғаннан кейін автоматты түрде ашылатын. ААС аккумулятормен, температураны реттеу жүйесімен, радиолық, бағдарламалық және ғылыми құрылғыларымен жабдықталған еді.