From Wikipedia, the free encyclopedia
Лив тілі (өз атауы līvõ kēļ «ливтердің тілі» немесе rāndakēļ «жағалаудағы тіл») — ливтердің тілдері, балтық жағасы-фин топ тармағы фин-угор тілдеріне[2]тиесілі. Лив халқының ана тілі, жағдайларға байланысты сөйлесу кезінде жий қолданбайды, бірақ сонда да балтық жағалауындағы елдер әлі де лив тілін зерттеп, оқытады, әсіресе Латвии және Эстония (Тарту).
Лив тілі | |
Өз атауы: |
Līvõ kēļ, rāndakēļ |
---|---|
Елдер: | |
Аймақтар: |
солтүстік Курземе |
Реттейтін мекеме: |
Орыс тілінің институты |
Сөйлеушілер саны: |
0[1] |
Классификация | |
Санаты: | |
| |
Жазуы: | |
Тіл коды | |
ISO 639-1: |
— |
ISO 639-2: |
fiu |
ISO 639-3: |
liv |
Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика |
Қазіргі ливтердің көп бөлігі леттизацияланды[3]. Лив тілі соңғы рет күнделікті өмірде Виктор Бертольдпен (1921—2009) және әйелі Марта-мен (1925—1994) қолданылған . 2012 жылы әлемде оптимисттік көзқараспен қарағанда, лив тілін жеткілікті меңгерген 210 адам бар еді. Лив тілі ана тілі болған, соңғы адам Гризельда Кристинь[4]болды, ұзақ уақыт Канадада болып, 103 жасында 2013 жылы 3 маусымда өледі.[1].
Либь этнонимы XI ғасырлардан бері көне орыс жазбаларында кездесіп келе жатыр, ал XII ғасырдан латин тілдес немістерде - Livones (Livonia мемлекетінің атауы да осыдан шыққан). Жазбаша атауы, қазіргі таңдағы орыстар секілді «ливтер» өзін-өзі атауы līvõ / lībõ. Өзін-өзі атауының екі этимологиясы бар: оны карел-ливиктермен (livvikoi) байланыстырады және балтық жағасындағы финдер тайпасымен немесе праприбалтық-финдерден шығаратын болсақ *līva (фин. liiva «лай, балшық», эст. liiv «құм»), бұл жағдай ливтердің құмды жағалауларда тұрғандарымен айқындалады.[5].
XX ғасырдың ортасында ливтер Курляндияның 20 ауылын мекендеген: Мелнсилс (Mustanum), Колка (Kūolka), Вайде (Vaid), Саунагс (Sänõg), Питрагс (Pītrõg), Кошрагс (Koštrõg), Мазирбе (Ire), Сикрагс (Sīkrõg), Яунциемс (Ūžkila), Лиелирбе (Īra), Микельторнис (Piza), Лужня (Lūž)[6].
Бұрында лив тілінде екі негізгі диалект болған: курляндық (курземдық) және салацтық (видземдік, лифляндық)[7][8]. Салац тілі XIX ғасырда жоқ болып кетті. 1846 жылы А. Шёгрен 22 салац диалектін тасымалдаушыны тапқан. 1858 жылы Ф. Видеман 8 қартты тапқан, соңғысы 1868 жылы өлді[9].
Курлянд диалектісі үшке бөлінеді: шығыс, батыс және орта. Олардың арасындағы айырмашылық үлкен емес. Алғашында әдеби тіл екі нұсқада құрылған (батыс және шығыс диалектілік үшін), 1970-1980 жылдары орта-лив ерекшеліктері әдеби тілден тасталады[10].
1991 жылы19 наурызда Латвия Республикасы қабылдаған «Еркін дамуы мен Латвияның ұлттық және этникалық топтардың мәдени автономиясының құқығы туралы» Заң бойынша, ливтерге «Латвия ұлттарының көне және негізгі ұлты» деген құқықтық статус беріледі, ал 1999 жылы 9 қаңтардан бастап лив тілінің статусы мемлекеттік деңгейде орнатылды, Латвия Республикасының 21 желтоқсан 1999 жылы қабылданған заңның 4 беті бойынша «Мемлекет тілі туралы»мемлекет, жергілікті халықтың(автохтон)[11]. тілі ретінде лив тілінің сақталуын, қорғалуын және дамуын қамтамасыз етеді.1995 жылдан бастап, лив тілі мен лив мәдени құндылықтары Латвия ұлттық мәдени мұрасына енгізілген[11].
Бірінші литвалық тілін зерттеушілер А. Шёгрен және Ф. Видеман, лив тілін жазу үшін фонетикалық транскрипциясын қолданды. Ол сондай-ақ 1863 жылы жарық көрген, Лив тіліндегі бірінші басылған кітабында қолданылған.[12]
1920 жылдары шыққан жарияланымдарда, фонетикалық транскрипциясы негізіндегі орфография қолданылған, бірақ эстондық орфография элементтері бар. Сонымен қатар õ әріпі енгізілді[13].
Лив тілінің алфавиті:
Aa, Āā, Ää, Ǟǟ, Bb, Dd, Ḑḑ,
Ee, Ēē, Ff, Gg, Hh, Ii, Īī, Jj,
Kk, Ll, Ļļ, Mm, Nn, Ņņ, Oo,
Ōō, Ȯȯ, Ȱȱ, Õõ, Ȭȭ,
Pp, Rr, Ŗŗ, Ss, Šš, Tt, Țț,
Uu, Ūū, Vv, Zz, Žž.
Ескірген әріптері: Öö, Ȫȫ, Yy, Ȳȳ.
ț, ḑ, ņ, ļ және ŗ әріптерінің астындағы седиль, дауыссыз дыбыстардың палаталдануын білдіреді[14]. Дауысты дыбыс үстіндегі макрон ұзақтығын білдіреді.
Лив тілінің дауысты дыбыстар жүйесі[10][15]:
Ә дауыстысы екпінсіз буындарда, ɘ дауыстысының алафоны болып табылады. Екеуіде õ әріпімен белгіленеді.
Дифтонгтар екпінді буындарда ғана кездеседі. Олардың барлығы, ie - ден басқа, бәсеңдейтін екпіндер[16].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.