Либерия
From Wikipedia, the free encyclopedia
Либерия (ағылш. Liberia [laɪˈbɪəɹɪə]), ресми — Либерия Республикасы (ағылш. Republic of Liberia) — Батыс Африкадағы мемлекет. Жер аумағы 111,4 мың км². Халқы 3,2 млн. (2000), 5,2 млн. (2021). Халқының 95%-ын жергілікті тайпалар (кпелле, басса, гио, кру) құрайды. Астанасы — Монровия қаласы Әкімшілік жағынан 13 графтыққа бөлінеді. Ресми тілі — ағылшын тілі. Халқының 43%-ы жергілікті діндерді ұстанады, 15%-ы — мұсылмандар, 40%-ы — христиандар. Конституциясы 1847 ж. қабылданған. Мемлекет басшысы — президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — қос палаталы парламент, (Сенат пен Ұлттық Ассамблея). Жоғарғы атқарушы органы — үкімет. Ақша бірлігі — Либерияның доллары. Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні (26 шілде), БҰҰ-ның, Африкалық Бірлік өйымының (ОАЕ) мүшесі.[4][5][6]
Либерия Республикасы Republic of Liberia | |||||
| |||||
Ұран: «The love of liberty brought us here (Бостандыққа деген сүйіспеншілік бізді осында алып келді)» | |||||
Әнұран: «All Hail, Liberia, Hail!» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Құрылды | 26 шілде 1847 жыл | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | ағылшын тілі | ||||
Елорда | Монровия | ||||
Ірі қаласы | Монровия | ||||
Үкімет түрі | Президенттік республика | ||||
Президенті Вице-президенті |
Джордж Веа Джуэл Тейлор | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 102-ші орын 111 369 км² 13,514 | ||||
Жұрты • Сарап (2015) • Санақ (2008) • Тығыздығы |
▲ 4 503 000[1] адам (125-ші) 3 476 608 адам 40,43 адам/км² (180-шы) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
4,123 млрд.[2] $ 897[2] $ | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
2,335 млрд.[2] $ 475[2] $ | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,435[3] (төмен) (181-ші) | ||||
Валютасы | либерия доллары | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .lr | ||||
ISO коды | LR | ||||
ХОК коды | LBR | ||||
Телефон коды | +231 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC±00:00 және Africa/Monrovia |