орыс халқының ұлы жазушысы From Wikipedia, the free encyclopedia
Граф Лев Николаевич Толстой (орыс. Лев Никола́евич Толсто́й [lʲef nʲɪkɐˈɫa(ɪ̯)ɪvʲɪt͡ɕ tɐɫˈstoɪ̯] тыңдау; 28 тамыз (9 қыркүйек) 1828, Тула губерниясы, Ясная Поляна, Ресей империясы — 7 қараша (20 қараша) 1910, Астапово, Рязань губерниясы) — орыс жазушысы, ағартушысы, публицисті және ойшылы[1]. Әлемдегі ең ұлы жазушылар-романисттардың бірі.[2] 1854—1855 жылдарғы Севастополь көтерілісінің қатысушысы. Ғалым және діни ойшыл, оның беделі ойы жаңа діни-этикалық және саяси қозғалысты жаратты — толстойшылдық. Өзінің ойы үшін шіркеуден бөлінген. Әлемдік әдебиеттің классигі. Үйінде оқып, тәрбие алған. Ата-анасы қайтыс болғаннан кейін, 1837 жылы 4 бауырымен Қазан қаласындағы қорғаушысы П. Юшкованың үйіне көшіп барады. 16 жасында Қазан университетіне түсіп, алғашында араб-түрік танушы факультетіне түскеннен кейін заңгерлік факультетке ауысады (1844-1847 жж). Алайда университетті тәмәмдамай, әкесінен қалған Ясная Полянадағы үйге көшеді.
Лев Николаевич Толстой | |
орыс. Лев Никола́евич Толсто́й | |
Л. Н. Толстой (1880-ші жылдар) | |
Лақап аты |
Л.Н., Л.Н.Т. |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Астапово, Рязань губерниясы, Ресей империясы |
Азаматтығы | |
Шығармашылық жылдары |
1847—1910 |
Бағыты | |
Жанры | |
Шығармалардың тілі | |
Қолтаңбасы | |
http://tolstoy.ru/ | |
Ортаққордағы санаты: Лев Николаевич Толстой |
Лев Николаевичтің атасы Петр Андреевич Толстой Бірінші Петрдің билігі кезінде құпия канцелярияның басшысы болған. Ол Ресей империясында жақсы қызметі үшін граф лауазымын алғандардың алғашқысы екен.
Толстойдың жанұясында 13 бала туған. Оның бесеуі бала кезінде қайтыс болады. Әйелі өзінен 16 жас кіші болған. Яғни, олар шаңырақ көтергенде Софья 18-де, граф 34-те еді. 1830 жыл - қызы Марияны босану барысында анасының өлімі. 1837 жыл, қаңтар - Толстой отбасының Мәскеуге көшуі. 1837 жыл, маусым - әкесінің кенеттен қайтыс болуы.
1841 жыл - апасы—Александра Ильиничнаның өлімі. Әкесінің жалғыз тірі қарындасы Пелагея Ильиничнаға, Қазан қаласына баруы.
Толстой қартайған шағында әйелімен айырылысып саяхатқа шығады да, сапарда қайтыс болады. Ясная Полянадан көшіп жүргенде Толстой қабынумен ауырып қалады. 1910 жылдың 7 қарашасында Астапово станциясында (станция бастығының үйінде) көз жұмады. Сүйегі Ясная Полянада.
Л. Н. Толстой даусының жазуы | |
Аудиозапись «Время пришло», 1908 жыл |
Л. Н. Толстой даусының жазуы | |
Лев Толстойдың Яснополянский мектебінің оқушыларына үндеуі, 1908 жыл |
Л. Н. Толстой даусының жазуы | |
«Звуковое письмо Л. Н. Толстого к Н. В. Давыдову», 1908 жыл |
60-жылдардағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың әсерімен Л.Н.Толстой халық ағарту саласында қоғамдық-ағартушылық қызметпен қызыға айналысты. 1859 жылы Ясная Полянада шаруа балалары үшін мектеп ұйымдастырды, 1861-1862 ж.ж шақырылған мұғалімдермен бірге онда сабақ берді. Оның ынтасымен Ясная Полянаға жақын жерлердегі болыстарда көптеген бастауыш ауыл мектептерін ашты. 1860-1861 жж. шетелге барып, онда ол Францияның, Италияның, Бельгияның көптеген мектептерінің жұымысымен танысты. Бұл елдердің мектептері Л.Н.Толстойға жағымсыз әсер қалдырды. Бұл мектептердің әсіресе Германия мектептерінің негізгі кемшіліктері ретінде формализм, педантизм, оқушылар үшін еркіндіктің болмауын атап өтті. Толстой бұл мектептердің тәжірибесін алуға болмайтындығы туралы қорытындыға келді, Ресейде мектепті басқа негізде дербес құру керектігін атап өтті. Ясная Поляна мектебінің жұмысы басқа негізде құрылды, сол кездегі орыс және батысеуропалық мектептерден түбірімен өзгеше негізде құруды жоспарлады. Бұл мектепке тән ерекшелікң баланың жеке басын басып-жаншитын құралдардың болмауы, керісінше, толық еркіндік, баланың шығармашылық күшіне терең сене білу, оларға ізгілікпен қарау, білімге деген олардың сұранысы мен қызығуын қанағаттандыру туралы әруақытта да қамқорлық жасау. Бұл ескі мектепке қарағанда оқушылар үшін қолайлы жағдайды жасады және олар мектепке ерекше қызығумен қатысып отырады, қызыға оқыды, үлкен шығармашылық белсенділікпен дербестік аңғартты.
Лев Толстой танымалдылықты және өзінің көрнекті шығармаларына арқау болуды ұнатпаған. Ол 1871 жылы Фетке жазған хатында былай деген: "Соғыс" секілді түкке тұрғысыз көп сөзді дүниелерді енді жазбайтындығыма бақыттымын...".
Жазушы философиясының басты мәселелері қандай болды десек, өзінің шығармаларында Л.Толстой адамның руханилығы мен адамгершілігі мәселелерін талдады және бұл тақырыпты өзін қатты мазалаған, өмірінің соңына дейін санасы мен жанына тыныштық бермеген экзистенциалдық-мәселе — адам өмірінің мәні контекстінде қарастырады. Жарық дүниеге адам не үшін келеді? Өмірдің мәні бар ма? Бар болса, неде? Жоқ болса, неге? Өмірдің мәні жоқ болса, өмір сүріп керегі не? Толстой өзіне, өзі арқылы бүкіл саналы адамзатқа бағыттаған сауалдар тізбегі осылайша жалғасып кете береді және олар жазушының бүкіл көркем және философиялық шығармаларының желісі болды. Осы мәселелер тереңірек тексерілетін еңбектердің бірі — «Исповедь» («Жан сыры» немесе «Тәубе», еңбек қазақ тіліне әзірге толық аударыла қойған жоқ). Бұл еңбектің ортағасырлық ойшыл Августин Аврелийдің «Исповедь Блаженного Августина, епископа Гиппонского» еңбегінің ізімен жазылғаны күмән тудырмайды.
Өз өмірінің негізгі кезеңдеріне шолу жасай отырып, өмірінің мәні туралы сұраққа жауап іздеуге тырысқан Л.Толстой өз жанының күйзелісі арқылы бізге осы мәселенің бүкіл трагедиялық сипатын жеткізеді.
Л.Толстой да езін мазалаған мәселелерге жауап іздеу үшін философияға жүгінеді, Сократ, Шопенгауэр, Соломон сияқты ойшылдардың өмір туралы ойларын қорытады. Бұл мәселе олардың да тынышын кетірген «мәңгілік» сұрақ екендігіне көз жеткізіп, бірте-бірте осы тығырықтан шығу жолдары туралы салмақты көзқарас қалыптастыра бастайды. Өзін қоршаған адамдардың өмір сүру салтын, өмірдегі мақсаттарын және ақыл-ой деңгейін асықпай бақылаған жазушы оларды өмірдің мәні туралы ойлану қабілетіне қарай торт топқа беледі:
Л.Толстойдың өмірдің мәні туралы философиялық ойлары саналы адамды ойландырмай қоймайды. себебі ол адамды қазіргі қоғамға жетіспей жатқан мәңгілік құндылықтар Мейірімділік, Махаббат, Руханилыққа, бір сөзбен айтсақ — Адамгершілікке шақырады.
Мысырлық дінбасы Мұхаммед Абдуллаға 1904 жылы жазған хатында: “Менің насихаттап жүрген дінім- сіздің дініңізбен бірдей. Ол діннің ұстанған шарты- Құдай мен оның жолдаған заңдарын мойындау, жақыныңды сүю, өзіңе қандай жақсылықтың жасалуын тілесең, өзгеге де соны жасау. Менің ойымша адамзат тарихындағы барлық діни принциптер осыдан келіп шығады. Сондықтан ол принциптер еврейлер, браминдер, буддашылар, христиандар мен мұсылмандарға бірдей қатысты”,-деп жазған екен. Осылай дей келіп ұлы жазушы Лев Толстой ойын одан әрі былайша сабақтайды: ”Менің ойымша, дінге толып жатқан қосымшалар, ғажайып сипаттамалар, ырымшылдық атаулы көбірек таңылған сайын, ол қоспалар адамдарды бір-бірінен алшақтатып, тіпті бір-біріне деген дұшпандық сезімін туындатады. Ал керісінше неғұрлым әлгіндей қоспалардан арылып, тазарған сайын ол діндер адам баласының ең басты мақсатына, яғни адамзаттық бірігуге сол ғұрлым жақындай түсер еді...”,-деп жазған екен.
Осы хат жазылардан 3 жыл бұрын, яғни 1901 жылдың 20 ақпанында “Церковные ведомости” газетінде Синодтың жазушы Лев Толстойды шіркеуден аластау жөніндегі шешімі жарияланып және осы шешім Ресейдің барлық шіркеулерінде келушілерге хабарланған еді.
Лев Толстой жас кезінде құмар ойындарға әуес болған. Бір күні өзінің көршісі Гороховпен карта ойнап, иелігіндегі үйден ұтылып қалады. Бұл үйде Лев туып-өскен болатын.
Толстой өзінің болашақ әйелі София Андреевна Берстің анасымен достық қатынаста болады да, Берстің үш қызының қайсысына үйленетіндігін білмей, біраз уақыт таңдап жүрген.
Лев Николаевич Толстой ет жемейтін адам болды. Ол өмірінің соңғы жылында, яғни 1910 жылы "сексен жылдан кейін барлық адамдар вегетариан болады, олар ет жеуге адам жеген секілді жиіркенішпен қарайды" дегенді айтып, сөзінің ақиқатқа айналатынына үміттенген.
Лев Толстой Тургеневпен таныс болған. Алайда, олар достық қатынаста бола алмады. Арадағы кикілжіңнен кейін бірнеше жылдардан бері сөйлеспейді, тіпті, дуэльге дейін баруға шақ қалған.
Халыққа жақын болу үшін (басқа деректерде денсаулықты нығайту үшін делінеді) қартайған шағында Лев Толстой жалаң аяқ жүрген екен.
«Анна Каренина», «Соғыс және бейбітшілік», «Арылу» «Декабристтер» романдары; «Балалық», «Жастық шақ» және «Балдәурен» трилогиялары ; «Помещик таңы», «Альберт», «Идиллия», «Казактар», «Иван Ильичтің өлімі», «Шеше», «Қажы-Мұрат» және т.б повесттері бар. Сондай-ақ, басқа да шығармалардың авторы.
Толстойдың "Царство Божие внутри вас" сынды еңбектерінде көрсетілген басқыншылыққа қарсы идеялары Үндістандағы ұлттық қозғалысты басқарып, 1947 жылдары Англиядан бейбіт бөлінуге қол жеткізген жас Махатма Гандиге өте қатты әсер еткен.
Жазушы тек қана "салмақты" шығармаларды емес, «Әліппе», «Жаңа әліппе» сынды бірнеше буын оқып келе жатқан балаларға арналған еңбектер жазды.
Ең танымал үш шығармасы – "Соғыс және Бейбітшілік" ("Война и Мир"), "Анна Каренина", "Жексенбі" ("Воскресенье").
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.