Лахер-Зе
From Wikipedia, the free encyclopedia
Лахер-Зе — Германияда жанартаудың кальдерасында орналасқан ағынсыз көл.
Лахер-Зе нем. Laacher See | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 275,3[1] м |
Ауданы | 3,31[2] км² |
Көлемі | 0,1029[1] км³ |
Жағалау сызығының ұзындығы | 8,47[1] км |
Тереңдігі | 51[1] м |
Орналасуы | |
50°24′37″ с. е. 7°16′11″ ш. б.50.4103° с. е. 7.2697° ш. б. / 50.4103; 7.2697 (G) (O) (Я) (T) | |
Ел | ![]() |
Аймақ | Рейнланд-Пфальц |
Аудан | Арвайлер |
![]() |
Дәлірек орны: Рейнланд-Пфальц жерінде, Бонн қаласынан оңтүстікке қарай 37 шақырым қашықтықта және Рейн бойындағы Андернах қаласынан 8 шақырым қашықтықта.
Кальдераның диаметрі — 2 шақырым. Ол 13 мың жылдай бұрын орын алған жанартаудың атқылауынан пайда болған. Жанартаулық белсенділік шкаласы бойынша атқылау күші 6 баллға жеткен, бұл 1991 жылғы Пинатубо атқылауына сай.[3] Маңайға шашыраған жанартау күлі мен пемзаның қалыңдығы 50 метрге дейін жеткен, ал олардың іздері қазіргі Солтүстік Италия мен Ресейден табылады, дейді ғалымдар.
Көлдің максималдық тередігі — 51 метр, басқа деректер бойынша — 53 метр.[2]
1867 және 1872 жылдары көлге ақ сақаның уылдырығы тасталған, балықтың осы түрлері көлде бүгіндері де бар.[2]
Көлдің оңтүстік-батыс жағалауында Әулие Марияның Лаах аббаттығы орналасқан.