Дәмжапырақ немесе Лавр (лат. Laurus) - Лавр тұқымдасына жататын субтропикалық мәңгі жасыл ағаштар не бұталар тегі. Көбіне Жерорта теңізінің жағалауынан таралған. Мәңгіжасыл, бұтақты өсімдіктерге жатады. Гүлдері ақ түсті, ұсақ, ерекше әдемі емес, жапырақтары қатты, қабықты болып келеді. Дәмжапырақтың жапырақтары ежелден Грекия елінде жеңістің, даңқ пен ұлылықтың белгісі ретінде жоғары бағаланады. Оның құрамында эфир майы, цинеол, капрон, сірке қышқылы бар. Табиғатта өсетін дәмжапырақты көптеген ауруларды емдеуге қолданады. Отанында табиғатта өссе, Қазақстанда дәмжапырақтың Laurus nobilis деген түрін үй жағдайында өсіреді. Жапырағының ұзындығы 10 см. Тәбет ашатын қасиеті үшін, жапырақтарын тағамға қосады. Көктем кезінде гүлдейді. Гүлінің түсі ақ, алтын түстес. Күтімі өте жеңіл, шыдамды, ауруларға шалдыға бермейді. Ағаш секілді үлкен болып кететіндіктен, сабақтарын кесіп, бойының биіктігін белгілі бір қалыпта сақтауға болады.
Дәрімжапырақ | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||
|
Биологиялық сипаттамасы
Жапырағы кезекті орналасқан, қалың, беті жылтыр. Гүлі ұсақ ақшыл сары, шатыр тәрізді гүл шоғырына жинақталған. Жемісі қара көк, бір тұқымды.
Жарығы
Жарық және алакөлеңкелі жерде де өсе береді.
Жылуы
Қыста температура 12-15 °C - дан төмен болмағаны дұрыс.
Суғарылуы
Қыс кезінде сирек, жаз бен күз аралығында мол суғарады.
Ылғалдылығы
Жапырақтарына күнделікті су бүркіп тұрған жөн.
Қоректендірілуі
Көктем және жаз айларында арнайы тыңайтқышпен айына бір рет қоректендіру қажет.
Аурулары
Жапырақтары шаң болып кетсе, зиянкестерге шалдығуы мүмкін.
Көбейтілуі
Тұқымы, қалемшесі, өскіндері арқылы көбейтуге болады[1]
Сілтемелер
- Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.