From Wikipedia, the free encyclopedia
Көкқұтан(лат. Ardea cinerea) – ескекаяқты құстар отряды, құтан тұқымдасына жататын құс.
Көкқұтан | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Ardea cinerea Linnaeus, 1758 | ||||||||||||||
Light green: summer
Dark green: all year Blue: winter |
Еуропа, Азия және Африкада тараған. Қазақстанда Сырдария алабында, Шу-Іле тауларында, Балқаш – Алакөл қазаншұңқырында, Зайсан көлінде, Қара Ертіс өзенінде, Каспийдің солтүстігінде, негізінен, далалық жерлерде кездеседі. Тұрқы 1 м-дей, денесі бүйірінен қысыңқы тұмсығы ұзын (13 см-дей), түзу, өткір. Аяқтары ұзын. Желкесінде қауырсында қара айдары бар. Арқасы, бүйірі сұр, бауыры, мойны, басы ақ, бірақ мойнында қара дағы болады. Қанаты қара жолақты. Өсімдігі мол өзен, көл, батпақ жиектерін мекендейді. Ағаш басына не жерге ұялайды. 5 – 10 жасыл жұмыртқа салып, 26 – 27 күнде әлсіз балапандары шығады. Аталығы мен аналығы 1,5 ай, тіпті ұядан шыққаннан кейін де асырайды. Көкқұтан ұялаған жерінде 7 айдай болады, кейде Қазақстанның оңтүстігінде қыстап та қалады. Бақа, балық, жәндіктер, бауырымен жорғалаушылар, кемірушілермен қоректенеді. Көкқұтан кейде балық шаруашылығына зиян келтіреді.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.