From Wikipedia, the free encyclopedia
Күршім ауданы — Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлініс. Әкімшілік орталығы – Күршім ауылы. 1927 жылы құрылған. 1997 жылы аудан құрамына Марқакөл ауданы еніп, 2024 жылы қайта бөлініп шықты.
Қазақстан ауданы | |||
Күршім ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны |
7 | ||
Ауыл саны |
21 | ||
Әкімі |
Алмат Талғатұлы Ақышов | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Күршім ауылы, Ибежанов көшесі, №23 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
48°34′03″ с. е. 83°39′54″ ш. б.48.56750° с. е. 83.66500° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты |
1927 | ||
Жер аумағы |
12,2 мың км² | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
22 380[1] адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар (91,41%), орыстар (7,93%), басқа ұлт өкілдері (0,66%)[2] | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды |
72339 | ||
Пошта индексі |
071200-071219 | ||
Автомобиль коды |
16 | ||
Аудан батысында Самар, солтүстігінде Катонқарағай, Үлкен Нарын, шығысында Марқакөл аудандарымен, оңтүстігінде Зайсан көлі арқылы Тарбағатай ауданымен шектеседі.
Климаты шұғыл континентті. Қыста аяз 0-ден төмен 50 градусқа дейін жетсе, ал жазда термометр бағанасы, керісінше, 50 градусқа дейін көтеріледі. Тамылжыған табиғат, аң мен құстың, дәрілік шөптер мен ағаш түрлерінің мәңгілік ордасындай. Азу таудан әрі асып, Мәрмәр тауынан қиялай өтсеңіз көз жасындай мөлдіреп атақты Марқакөл жатыр.
Аудан су қорлары мен 1588,6 мың гектарды алып жатқан жер алқаптарына бай, оның ішінде 29,4 мың гектары егістік жерлер. Аудан халқының негізгі бөлігі ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және өңдеумен айналысады. Ауданда алып орман массивтері бар, сапалы ағаш негізінен қарағайдан дайындалады. Ағаш дайындаумен «Күршім орманы» және «Марқакөл орманы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері шұғылданады. Күршімнің тау сілемдері мен Күршім өзенінің бассейні мен тармақтары ертеден тек табиғи сұлулығымен ғана емес, сонымен қатар, полиметалл қазба байлықтарымен белгілі. Өткен ғасырдың ортасында-ақ «Күршім», «Шырдаяқ» кеніштерінен алтын] шығаратын. Бүгінгі күнге дейін күміс, қорғасын, молибден, мыс қазбалары қозғалмаған күйінде. «Артель старателей «Алтай» ашық акционерлік қоғамы 2004 жылы 75,2 млн.теңгенің алтынын өндірді, бұл ауданда шығарылған өнеркәсіп өнімдерінің 32,3 пайызын құрайды. Электр энергиясымен аудан халқын «Шығысэнерготрейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің екі филиалы қамтамасыз етеді. Ауданда 4767 телефон байланысының абоненттері тіркелген, оның 4326-ы пәтерлердікі. 1998 жылдан бастап ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруінің құлдырауы тоқтатылды. Табиғат жағдайы бақша және көкөніс өсіруге қолайлы. Ауылшаруашылығының бұл бағытындағы алғышарттарды байқаған Халықаралық Реконструкциялау және Дамыту Банкі Сарыөлең ауылдық округінде суармалы жүйе құруға 11миллион доллар бөлді. 2003 жылы бұл жоба толығымен аяқталды. Бетегелі алқаптар мен субальпілік шабындықтар, тау қорлары мал басының барлық түрлерінің тұрақты түрде көбеюіне, қазақи қой өсіруге өте қолайлы. Жыл өте ет, сүт, жүн өндірісі өсуде. 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы ірі қара мал басы, қой мен ешкі 0,1 пайызға, жылқы 2,6 пайызға, құс 6 пайызға көбейді. 2004 жылы 12833,4 тонна тірі салмақтағы ет, 53961,5 тонна сүт, 4935 мың дана жұмыртқа және 281 тонна жүн өндірілді. Облыстағы жалғыз балық шаруашылығы Бұқтырма су қоймасына жыл сайын 10 миллион карп-сазан құртшабақтарын шығарады.
Ауданда орта және шағын бизнес қарқын алуда, шаруа қожалықтары дамып, өнім дайындау және өңдеу кәсіпорындары көбеюде. Бұл үлкен дәрежеде ауданның ұнға, макарон өнімдеріне, күнбағыс майына, балыққа және құрама жемге сұранысын қанағаттандырады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің есебінен авто- және жүк тасымалдау қамтамасыз етіледі. 2005 жылдың 1-ақпанына 1614 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның 858-і шаруа қожалықтары болса, 756-ы жеке кәсіпкерлер. Ауданда 246 сауда объектілері, 17 қоғамдық тамақтандыру орындары, 4 базар, 18 жанар-жағармай құю стансалары және 53 шикізат өңдеу цехтары жұмыс істейді. Шағын кәсіпкерлік субектілері халықтың өндірістік және азық-түлік тауарларына сұранысын толығымен қанағаттандырады.
Тұрғындары 24 343 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 91,34%, орыстар – 8,03%, басқа ұлт өкілдері – 0,63%.
21 елді мекен 7 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Абай ауылдық округі | 1603 | ▼1009 | 62,9 | 827 | ▼537 | 64,9 | 776 | ▼472 | 60,8 |
Балықшы ауылдық округі | 1224 | ▼729 | 59,6 | 645 | ▼387 | 60 | 579 | ▼342 | 59,1 |
Күршім ауылдық округі | 10202 | ▼9301 | 91,2 | 4999 | ▼4596 | 91,9 | 5203 | ▼4705 | 90,4 |
Қалғұты ауылдық округі | 1088 | ▼766 | 70,4 | 530 | ▼380 | 71,7 | 558 | ▼386 | 69,2 |
Құйған ауылдық округі | 1462 | ▼847 | 57,9 | 757 | ▼433 | 57,2 | 705 | ▼414 | 58,7 |
Маралды ауылдық округі | 1667 | ▼848 | 50,9 | 862 | ▼441 | 51,2 | 805 | ▼407 | 50,6 |
Сарыөлең ауылдық округі | 2244 | ▼1746 | 77,8 | 1134 | ▼899 | 79,3 | 1110 | ▼847 | 76,3 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 19490 | ▼15246 | 78,2 | 9754 | ▼7673 | 78,6 | 9736 | ▼7573 | 77,7 |
Ауданда 55 жалпы білім беру мектебі бар, онда 8075 оқушы тәлім алуда. Барлық мектептерді компьютер сыныптарымен қамсыздандыру бағдарламасы толығымен аяқталды. Интернет жүйесіне 22 мектеп қосылған.
Аудан бойынша 2 аурухана, 11 жанұялық-дәрігерлік амбулатория, 34 фелдьшерлік пункт және 5 фельдшерлік-акушерлік пункт қызмет атқарады. 7 мәдени ошақтары, 8 кітапхана және 1 тарихи-өлкетану мұражайы бар. 2 спорт алаңы және 18 спорт залдары жұмыс істейді.[6]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.