From Wikipedia, the free encyclopedia
Кіші Қосқопа – Сарықопа көлінің алабындағы тұзды тұйық көл.
Кіші Қосқопа | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 111 м |
Өлшемі | 4 × 3 км |
Ауданы | 6,8 км² |
Жағалау сызығының ұзындығы | 11,2 км |
Орналасуы | |
50°42′16″ с. е. 64°32′49″ ш. б.50.70444° с. е. 64.54694° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Қостанай облысы |
Аудан | Амангелді ауданы |
Қостанай облысы Амангелді ауданы жерінде орналасқан. Теңіз деңгейінен 111 м биіктікте.
Аумағы 6,8 км 2, ұзындыңы 4 км, енді жері 3 км. Жағалау бойының ұзындығы 11,2 км. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толысады. Жазда айдынының көп бөлігі тартылып, шалшықты көлге айналады. Суы желтоқсанда қатып, сәуірде ериді.
Жағалауында қалың қамыс, құрақ өскен. Көл түбі лайлы. Кейбір бөліктерінде тұз тұнбалары шөккен. Кейбір жылдары айдынында суы тартылып, батпақты сорға айналады. Жағалауы – шабындық.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.