From Wikipedia, the free encyclopedia
Кіші шағала (лат. Larus minutus) — татреңтәрізділер отряды, Шағала тұқымдастарына жататын Шағалалар туысының құсы, біздегі шағалалардың ең кішкенесі (150 г шамасында, қанатының алымы - 70 сантиметрге жетпейді). Ересек шағаланың жасануы: жоны - ашық сұр көгілдірлеу, бауыры - ақ, ал қанатының асты - шифер түстес сұр, қанатын жұқа ақ жолақ көмкереді. Жазда басы қара реңді болады (жас құстарда 3 жасқа дейін - қошқыл қоңыр), тұмсығы - қара, аяғы - қызыл.
Еуразияның қоңыржай ендіктерінде әр жерлерде және теңбілденіп қоныстанады. Қазақстанда тұщы сулы суқоймалар маңындағы батпақты үлескілерді бойлап, солтүстігінде ұялайды. Көбінесе аққанат қырқылдақпен аралас шоғырланып орнығады. Салындыдағы 2-3 жұмыртқаларды ата-енелері үш апта басып, соңынан сонша уақыт балапандарды бірлесіп қамқорына алады.
Кіші шағалалар негізінде бунақденелілермен қоректенеді.
Қазақстанда сәуірдің соңынан қыркүйектің аяғына дейін болады. Ұшып қайтқан кезде біздің елдің барлық аумағынан кездеседі.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.