Криоэлектрондық күшейткӀш (Криоэлектронный усилитель) — криогендік температураларда (120 К-нен томен) күшейтілетін электромагниттік тербелістер күшейткіші. Күшейткішті салқындату арқылы алынатын озіндік шуылдар Криоэлектрондық күшейткӀштің ерекшелігі болып табылады. Криоэлектрондық күшейткӀштің ең көп тараған түрлері: кванттық парамагниттік күшейткіш, криоэлектрондык параметрлік күшейткіш, криоэлектрондық транзисторлық күшейткіш. Кванттық парамагниттік күшейткіштіш жұмыс істеу принципі қыздырылған иондардың еріксіз сөулелену құбылысына негізделген. Осындай күшейткіште активті орта ретіңде параманиттік иондардың аз қоспасы бар диэлектрлік кристалдар қолданыады. Эффективті күшейту үшін кристалдарды гелийлік температурага (~4,2К) дейін салқындату қажет.

Криоэлектрондык параметрлік күшейткіштің жұмыс істеу принципі кіріс сигналды төменгі температураға дейін салқындатылған сызықты емес реактивтік параметрі бар элементтің көмегімен параметрлік күшейту құбылысында жатыр. Транзисторлық Криоэлектрондық күшейткіш — салқындатьшган өрістік транзистор негізіндегі құрылгы. Криоэлектронды қабылдау-күшейту жүйелерінде ол кіріс немесе екінші ретті күшейткіш (криоэлектрондық параметрлік немесе кванттық парамагниттік күшейткіштен кейін), аралық жиіліктің алдыңғы күшейткіші (криоэлектрондық араластыргыштардан кейін), бейне күшейткіші (кіріс сигналдардың криоэлектрондық детекторынан кейін) ретінде пайдаланылады. Транзисторлы Криоэлектрондық күшейткіштің сигналдар жиілігінің диапазоны нөлден (түрақты ток) 10" Гц-ке (миллиметрлік толқындар) дейінгі диапазонды алып жатады.[1]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.