Ион (грек. iоn – жүріп келе жатқан) — кристалдардың дербес бөлігі ретінде немесе ерітінді құрамында, кейде газ түрінде ұшырасатын оң (катион) немесе теріс (анион) зарядталған атом (кешенді ион, яғни атомдар тобы).

Thumb

Иондар – атомдар немесе химиялық байланысқан атомдар тобы электрондарын жоғалтып немесе сырттан электрондар қосып алғанда пайда болатын электрлік зарядталған бөлшектер. «Иондар» терминін 1834 ж. ағылшын физигі М.Фарадей Мұрағатталған 12 желтоқсанның 2012 жылы. (1791 – 1867) енгізген. Бөлшектерден электрондарды бөліп алу энергия шығынын қажет етеді, бұл энергия шығыны иондалу потенциалы деп аталады, ал электрондар қосылғанда энергия бөлінеді. Оң зарядты Индарды катиондар, ал теріс зарядты Иондарды аниондар деп атайды. Иондар газдарда молекулалардың (атомдардың) энергиясы жоғары бөлшектермен соқтығысуы кезінде (фотоиондалу кезінде), иондауыш сәулелер әсерінен не күшті электр өрісінің әсерінен, ал ерітінділерде еріген заттың диссоциациялануынан пайда болады. Сілтілік және сілтілік-жер металдары катиондарын биологиялық мембраналар арқылы тасымалдайтын органик. заттарды ионофорлар деп атайды. Ионофорлар биохимияда Иондардың тасымалдануын реттейді. Химияда Иондар экстракциялауда, мембраналық катализде, техникада электрод жасауда қолданылады.

Ионданғыштық потенциалы

Иондану потенциалы мөлшерінің ион радиусы мөлшеріне қатынасымен өлшенетін ион төңірегіндегі өріс күші.

Иондану

Электрлік бейтарап атомдар мен молекулалардың оң және теріс зарядталған иондарға айналу процесі; химиялық әрекеттесу барысында, заттарды қыздырған жағдайда, күшті электр өрістері, жарық сәулелері немесе басқа да сәулелер осерінен жүзеге асады. Заттар өздерінің үш түрлі жағдайында да, яғни қатты, сұйық және газ күйінде иондана алады. Заттардың иондану дәрежесі олардың табиғатына, температурасына, сәулелер түріндегі энергия мөлшеріне және т.б. жайттарға байланысты. Радиометрлік аспаптардың көпшілігі затгардың нақ осы иондану қабілетіне негізделіп жасалған.

Иондану потенциалы

Бейтарап атом құрамынан бір немесе бірнеше электрондарды жұлып алуға, сөйтіп оны оң зарядталған ионға яки катионға айналдыруға жеткілікті энергия мөлшері. Заттардың электронды қабаттарының құрылыс ерекшелікгерін ескере отырып, бір-бірімен байланыстағы атомдардың иондану потенциалын өзара салыстыру осы заттарға тән химиялық байланыстар табиғатын шамалауға мүмкіндік береді. Иондану потенциалы түсінігін ионданғыштық потенциалы және иондық потенциал түсініктерімен шатастыруға болмайды.

Иондану жұмысы

Иондану жұмысы - электронды атомнан немесе молекуладан оның олармен өзара әсерін есепке алмауға болатын кашыктыққа бөліп шығаруға жұмсалатын энергия.[1]

Иондық потенциал

Ион заряды мөлшерінің ион радиусы мөлшеріне қатынасымен өлшенетін ион төңірегіндегі өріс күші. Бұл көрсеткіш иондардың кристалдық тор немесе ерітінді өңірінде бір-бірімен қарым-қатынасын сипаттауға пайдаланылады.

Иондық тор

Кристаллография да: құрамбөліктері бір-бірімен иондық байланыстағы атомдардан тұратын кристалдық тор.

Иондық-тұздық кешен

Таужыныстардың ішінде су ерітіндісі және қатты фаза түрінде болатын суда ерігіш тұздар мен адсорбталған иондардың қосындысы.[2]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.