From Wikipedia, the free encyclopedia
Конъюктивит — (лат. conjunctіvus – жалғастыратын), көздің дәнекер қабығының қабынуы – қабақтың ішкі үстіңгі жағын және көз қарашығының алдыңғы бөлігін жауып тұратын шырышты қабықтың қабынуы. Конъюктивит көз қарашығының қызаруы, шырышты немесе шырышты-іріңді заттардың бөлінуі, жас ағуы, жарықты ұнатпау, көздің түйіліп ауыруы сияқты белгілерден білінеді. Конъюктивиттің асқынған және созылмалы түрлері бар. Асқынған Конъюктивит, әдетте, ауру тудыратын микробтардан (кейде дифтерияның немесе соз ауруының қоздырғыштары арқылы) және вирустардан пайда болып, тез өршиді; іріңді заттар бөлінеді, ұйықтағанда кірпікті бір-біріне жабыстырып тастайды. Шырышты қабыққа кейде аздаған қан құйылуы мүмкін. Әдетте, екі көз де зақымданады. Ауру орта есеппен 2 – 4 аптаға созылады.' Инфекция көзге кір, лас орамал, сүлгі арқылы түседі. Асқынған Конъюктивитпен ауырған баланы дер кезінде оқшауламаса, мектептерде, балалар бақшаларында жұқтыруы ықтимал. Асқынған жұқпалы Конъюктивитті емдеудің тиімді құралы бактерияларға қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектер болып табылады. Көзге таңғыш байлауға болмайды, өйткені бұл микробтардың тіршілігіне және көбеюіне қолайлы жағдай туғызады. Созылмалы Конъюктивит неғұрлым ұзақ және баяу өтуімен ерекшеленеді. Аурудың пайда болуына нашар желдетілетін үйлердегі тозаң мен түтін, сондай-ақ, организмнің кейбір жалпы аурулары, тамақтану тәртібінің бұзылуы ықпал етеді. Созылмалы Конъюктивит дәрігер тағайындаған көзәйнекті пайдаланбаудан да болады.
Аурудың пайда болуына нашар желдетілетін үйлердегі тозаң мен түтін, сондай-ақ, организмнің кейбір жалпы аурулары, тамақтану тәртібінің бұзылуы ықпал етеді. Созылмалы Конъюктивит дәрігер тағайындаған көзәйнекті пайдаланбаудан да болады. Асқынған Конъюктивит, әдетте, ауру тудыратын микробтардан (кейде дифтерияның немесе соз ауруының қоздырғыштары арқылы) және вирустардан пайда болып, тез өршиді; іріңді заттар бөлінеді, ұйықтағанда кірпікті бір-біріне жабыстырып тастайды. Шырышты қабыққа кейде аздаған қан құйылуы мүмкін. Әдетте, екі көз де зақымданады. Ауру орта есеппен 2 – 4 аптаға созылады. Инфекция көзге кір, лас орамал, сүлгі арқылы түседі.
Алдымен көзді қайнаған суға батырылған таза матамен іріңнен тазарту керек. Сонан соң антибиотиктік көз майын жағыңыз. Майды көздің сыртқы үстіне жаққаннан ешқандай пайда жоқ
Кеп жағдайда конъюктивит өте жұқпалы болады. Инфекция бір адамнан екінші адамға тез тарайды. Көзі қызарған баланы басқа балалармен ойнатпаңыз және ұйықтатпаңыз немесе басқа балалар пайдаланатын сүлгіні пайдаланбасын.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.