From Wikipedia, the free encyclopedia
Коммутатор (лат. commuto – өзгертемін, ауыстырамын) – электрлік тізбекті жалғастыруға, ажыратуға және ауыстырып қосуға арналған электрмеханикалық, электронды немесе электронды-сәулелік қондырғы. Коммутатордың қарапайым және аса күрделі түрлері бар.
Коммутаторлар байланыс техникасында (оның ішінде әскери) абонент желілерін бір типті шеттік аппараттардан (телефон, телеграф, мәлімет беру және т.б.) және ақпаратты беру мен қабылдау үшін кедергісіз жолдар жасау мақсатында байланыс арналарын бір-бірімен электрлік жалғастыруға арналған. Жалғастыру тәсілдеріне байланысты коммутаторлар қолмен жұмыс істейтін және автоматты қызмет кәрсету болып бөлінеді. Қолмен қызмет көрсетуде коммутацияны оператор жүзеге асырады. Автоматты қызмет көрсетуде коммутация оператордың қатысынсыз шеттік аппараттардан келетін сигналдар бойынша орындалады. Жалғастыру тәсіліне қарай арналар коммутаторлары және байланыс коммутаторлары болып бөлінеді. Арналар коммуникациясында ақпаратты беру үшін тораптар желісі арқылы бір шеттік пунктті екіншісімен қосатын кедергісіз арналар ұйымдастырылады. Байланыс коммуникациясында берілуге тиісті ақпарат мекен-жайымен бірге сәйкес аппаратураға беріледі және есте сақтау қондыргысында сақталады. Сонан соң белгіленген пунктте аралық пунктердің қайта қабылдап-беруі арқылы беріледі. Коммутаторларды сондай-ақ абонент желілері мен арналарының санына карай да айырады. Коммутация байланыс торабының коммутациялық құрылғыларында электрлік қосындыларды, сымдарды, кабельдерді, байланыс желілерін, аппараттарды, аспаптарды әр түрлі ауыстырып қосу.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.