Клод Макелеле (фр. Claude Makelele; 18 ақпан 1973, Киншаса, Заир) — француз футболшысы, жартылай қорғаушы. Франция Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. Қазір Бельгияның "Эйпен" клубының бас бапкері[1].
Quick Facts Жалпы мағлұмат, Туған күні ...
Клод Макелеле |
|
Жалпы мағлұмат |
---|
Туған күні |
18 ақпан 1973 (1973-02-18) (51 жас)
|
---|
Туған жері |
Киншаса, Заир
|
---|
Азаматтығы |
Франция
|
---|
Бойы |
170
|
---|
Салмағы |
70
|
---|
Позиция |
жартылай қорғаушы
|
---|
Клуб жайлы ақпарат |
---|
Клуб |
Эйпен
|
---|
Қызметі |
бас бапкер
|
---|
|
Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.
|
|
Close
Карьерасында "Нант", "Сельта", "Реал", "Челси", "ПСЖ" клубтарында ойнады.
2000-03 жылдары "Реалда" ойнап, клубтық деңгейдегі жүлденің бәріне қол жеткізді. Бірақ 2003 жылы жазда клуб басшыларымен жалақы мөлшеріне келісе алмай, жаңа клуб іздеді. Сол кезде Англияның "Челси" командасына Роман Абрамович басшы боп келді де, дереу Мекелелені сатып алды. Аталмыш клубта 2008 жылға дейін ойнады.
2009 жылы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді. Бірақ кейін ол шешімін өзгертіп, ПСЖ клубында карьерасын жалғастырды.
Ұлттық құрамаға алғаш рет 1996 жылы шақырылса да, құрамадағы мықты футболшылардың көптігінен ӘЧ-1998, ЕУРО-2000 турнирлерінде бұған орын тимеді. Алғаш қатысқан ірі турнирі — 2002 жылғы әлем чемпионаты.
ЕУРО-2008 турнирінде Франция топтан шыға алмады да, Макелеле құрамадағы карьерасын аяқтады. Ұлттық құрамада жалпы 71 ресми кездесуде алаңға шықты.
Командалық
"Нант"
- Франция чемпионы (1): 1995
«Реал Мадрид»
- Испания чемпионы (2): 2001, 2003
- Испания суперкубогы (2): 2001, 2003
- Чемпиондар лигасы (1): 2002
- УЕФА суперкубогы (1): 2002
- Құрлықаралық кубок (1): 2002
«Челси»
- Англия чемпионы (2): 2005, 2006
- Англия кубогы (1): 2007
- Лига кубогы (2): 2005
- Англия суперкубогы (1): 2005
«Пари Сен-Жермен»
Жеке
- ФИФПРО сауалнамасы бойынша жылдың әлем құрамасына енді (1): 2005
- "Челсидің" жыл ойыншысы (1): 2006