Кирибати (халық)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кирибати — Микронезия халқы, Кирибати Республикасының байырғы тұрғындары. Бұл атау — бұрмаланған ағылшын «Gilbert» (Кирибати британ колониясы Гилберт және Эллис аралдарының бөлігі болған, географиялық орналасуы бойынша Полинезияға қатысты) сөзі. Өзін-өзі атауы — тунгару, болжалды түрде Полинезия құдайы Тангароаның атымен байланысты. Жалпы халық саны — 68 мың адам, соның ішінде Кирибати — 61 мың. Қалғандары Вануатуда, Науруда, Тувалуда, Соломон аралдарында және Фиджиде. Тілі — кирибати (гилберт немесе тунгару), микронезия тобы. Антропологиялық жағынан кирибати — полинезиялық-меланезиялық аралас типі. Банаба (немесе Ошен) аралының тұрғындары банабаларға жақын. Діні — католицизм және протестантизм.