Фильм мстители From Wikipedia, the free encyclopedia
Кино (гр. kіneo – жылжытамын, жылжимын), кино өнері — өнердің бір саласы, кинематографияның техникалық негізде қалыптасқан көркем шығармашылық түрі. Фильмді жасауға әр алуан мамандықтағы шығармашылық қызметкерлер: кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор, продюсер, каскадер, экономист, менеджер, т.б. қатысады. Фильм жасауда кинорежиссер жетекші рөл атқарады. Сондай-ақ фильм жасау ісіне техника саласындағы мамандар да (инженерлер, техниктер, лаборанттар мен өзге қызметкерлер) үлес қосады, алуан түрлі күрделі аппаратуралар мен аспаптар қолданылады. Кино негізінен 4 салаға бөлінеді:
Кино өнерінің даму жолы шартты түрде 3 кезеңге бөлінеді.
Алғашқы кезеңі — тұңғыш киноның шыққан жылы (1895, ағайынды Луи және Огюст Люмьерлер ойлап тапқан). Ол “жанды фотография” түрінде пайда болып, көп кешікпей көркем фильм, деректі кино және ғылыми-көпшілік кино деп аталатын үш салаға бөлінді. Тұңғыш фильмдерде баяндалатын оқиға таспаға ірі бөлшектермен түсіріліп, бір-бірімен астына жазылған мәтіндер арқылы ғана жалғасты. Кинода дыбыс болмағандықтан, актерлер сөйлейтін сөздің орнын театрлық шебер ойынымен, бейнелі ыммен толықтырды.
Кино өнері дамуының екінші кезеңі— 20-ғасырдың басынан басталды.Кино өнері дамуының 2-кезеңі – 20 ғасырдың басынан басталды. Бұл дыбыссыз (“мылқау”) киноның өз алдына өнер болып қалыптасқан кезі. КСРО-да С.М. Эйзенштейннің “Потемкин” бронды кемесі” (1925), “Қазан” (1927), В.И. Пудовкиннің “Ана” (1926), “Санкт-Петербургтің ақыры” (1927), А.П. Довженконың “Арсенал” (1928), т.б. фильмдері дүниежүз. Кино өнерінің дамуына ықпал етті. Германияда “көңіл жұбату” және экспрессионистік фильмдермен қатар демокр. бағыттағы кинокартиналар (реж. Ф.В. Мурнау, К.Грюне, Г.В. Пабст, З.Дудов), АҚШ киносында Ч.Чаплиннің, Э. Штрогеймнің, К.Видордың фильмдері дүниеге келді.
Кино өнері дамуының 3-кезеңі 20 ғасырдың 30 – 40-жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде кинотаспаға дыбыс жазу техникасы игерілді. Кинодраматургия қауырт өркендеді. Дыбысты киноның пайда болуы актерлер шығармашылығына кең жол ашты. Кеңес кинематографистері Ф.М. Эрмлер мен С.И. Юткевичтің “Жолығыс” (1932), Г.Н. және С.Д. Васильевтердің “Чапаев” (1934), Г.М. Козинцев пен Л.З. Траубергтің “Максим туралы трилогия” (1935 – 39), Е.Л. Дзиганның “Біз Кронштадтанбыз” (1936), А.Г. Зархи мен И.Е. Хейфицтің “Балтық депутаты” (1937), А.П. Довженконың “Щорс” (1939) секілді фильмдерінде кеңес идеологиясы басты орын алды. Кеңес муз. кинокомедиясы жанрын реж. Г.В. Александров пен И.А. Пырьев, композиторлар И.О. Дунаевский мен Д.Я. Покрасс жан-жақты дамытты. Неміс-фашист басқыншылары КСРО-ға шабуыл жасаған кезден бастап деректі Киноның рөлі артты. Соғыс жылдарындағы кеңес азаматтарының ерлігін бейнелеген “Ауком секретары” (1942, реж. И.А. Пырьев), “Ол Отанын қорғайды” (1943, реж. Ф.М. Эрмлер), “Кемпірқосақ” (1944, реж. М.С. Донской), “217-адам” (1944, реж. М.И. Ромм), “Шапқыншылық” (1945, реж. А.М. Роом) атты фильмдер шығарылды. Бұл дыбыссыз (“мылқау”) киноның өз алдына өнер болып қалыптасқан кезі. Кино өнері дамуының үшінші кезеңі 20-ғасырдың 30 — 40-жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде кинотаспаға дыбыс жазу техникасы игерілді. Кинодраматургия жылдам өркендеді. Дыбысты киноның пайда болуы актерлер шығармашылығына кең жол ашты. 2-дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, кино өнері дамуының жаңа кезеңі басталды. Бұл жылдары кинотехниканың жетіле түсуімен бірге кино өнеріндегі көркемдік тәсілдер де молайды. Түрлі түсті кино түсіру тәсілі жүзеге асты. АҚШ-та, кейін басқа елдерде кең экранды және панорамалы фильмдер пайда болды. Дыбыс жазу сапасы артып, кең экранды фильмдерде стереодыбыс қолданылды. Балаларға арналған мультипликациялық фильмдер шығарудың кеңестік мектебі қалыптасты. Қазақ киносы Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. Алғашқы кинохроника 1925 ж. түсіріле бастады. 1934 ж. Алматыда “Советтік Қазақстан” киножурналын үзбей шығарып тұратын Республикалық кинохроника студиясы құрылды. “Ленфильм” студиясының ұжымы қазақтың алғашқы кино қайраткерлерінің қатысуымен “Амангелді” (1938, режиссері Марк Левин) көркем фильмін жасады. Ұлт батыры Амангелді Имановты сахна шебері Елубай Өмірзақов сомдады. Қазақ көркем фильмдерінің тарихы осы туындыдан басталды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында “Мосфильм” мен “Ленфильм” киностудиялары бөлімшесінің Алматыда болуы қазақ киносының одан әрі өркендеп, дамуына игі әсерін тигізді. Бұл студиялар Алматыда өзара бірлесіп, ЦОКС (Біріккен орталық киностудия) деген атпен өзінің қызметін бастады. 1941 ж. Алматыда көркем фильмдер шығаратын киностудия (1960 жылдан “Қазақфильм”) ұйымдасты. Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан кезінен бастап 100-ден астам көркем фильм және 500-дей деректі фильм шығарды. Бұл фильмдер тақырыбы мен жанры жағынан әр алуан. “Абай әні” (1946), “Шоқан Уәлиханов” (1957), “Қыз Жібек” (1972), “Сұлтан Бейбарыс” (1989), “Отырардың күйреуі” (1991), “Махаббат бекеті” (1993), “Жамбылдың жастық шағы” (1996), т.б. картиналар шықты. Балаларға арналған “Қанатты сыйлық” (1956), “Менің атым Қожа” (1963), “Қызыл тас заставасы маңында” (1969), “Көксерек” (1973), “Алпамыс мектепке барады” (1976), “Балалық шақтың кермек дәмі” (1983), “Сүйрік” (1984), “Ауылым Алатаудың баурайында” (1985), т.б. секілді фильмдер жарық көрді. Кейінгі жылдары “Көшпелілер” фильмі (2005), “Ағайынды” (2009), т.б. сериалдар көрермен көзайымына айналды. 2003 жылдан бастап Алматы қаласында “Шәкен жұлдыздары” атты халықаралық кинофестиваль өткізіліп келеді.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.