From Wikipedia, the free encyclopedia
Көксерек – ұлттық спорт ойындарының бірі. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Көксеректі ұл-қыз аралас ашық алаңда ойнайды. 50–60 м қашықтықта екі топ қарама-қарсы тұрады. Екі жақта да “тұтқындар” үшін арнаулы шеңбер сызылады. Жеребе бойынша басталып, бастау еркі тиген топтың басшысы: “Ақ серек, көк серек, мұнан сізге кім керек?”, – деп сұрайды. Оған қарсы жақтан: “Айгөлек, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек. Ақ серек пен көк серек, сонау тұрған... өзі керек”, – деп, қарсы жақтың бір адамын атайды. Есімі аталған ойыншы келгенде қарсы жақтың ойыншылары алақандарын жайып тұрады. Шақырылған ойыншы саптың алдын кесіп өтіп, өзін қуып жете алмайды-ау деген біреудің алақанын соғады да қашады; қуған ойыншы жетсе, қашқан баланы өз тобына қосып алады, ал жете алмаса, өзі “тұтқындалады”. Көксерек жасөспірімдердің шынығуына жақсы әсер етеді.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.