Кингстаун
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кингстаун (ағылш. Kingstown) — Сент-Винсент және Гренадиндер аралдық мемлекетінің астанасы, оның сауда және саяси орталығы, сонымен қатар Сент-Винсент аралының ең ірі қаласы және порты. Халқы — 17 400 (2003). Солтүстік және Оңтүстік Американың арасындағы Вест-Индия аймағынның Кіші Антиль аралдары топаралының шығыс бөлігіндегі Жел жақ аралдары топаралындағы Сент-Винсент аралының оңтүстік-батыс шетінде қорғалған шығанақта орналасқан.
Қала | |
Кингстаун | |
ағылш. Kingstown | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел |
Сент-Винсент және ГренадиндерСент-Винсент және Гренадиндер |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
13°10′ с. е. 61°14′ б. б.13.167° с. е. 61.233° б. б. / 13.167; -61.233 (G) (O) (Я) |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
24 518 адам (2005) |
Ортаққордағы санаты: Кингстаун |
Қала 1780 жылғы Ұлы дауылдан қатты зардап шекті, 600 құрылыстың ішінен 584-і түгелдей қирады[1].
Қалада Финляндияның[2] консулдығы, Венесуэла[3], Бразилия, Куба, Тайвань елшіліктері орналасқан.
Қалада Сент-Винсент және Гренадиндер Олимпиада комитетінің штаб-пәтері орналасқан[4], Сент-Винсент және Гренадиндердің футбол федерациясы[5], Сент-Винсент және Гренадиндердің теннис қауымдастығы[6].