From Wikipedia, the free encyclopedia
Керей – Теңіз көлі алабындағы өзен.
Керей өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 100 км |
Су алабының ауданы |
3490 км² |
Су алабы | Теңіз көлі |
Су ағысы | |
Бастауы | Желдіадыр тауының солтүстік беткейі |
• Координаттары | 49°29′06″ с. е. 68°02′16″ ш. б.49.48500° с. е. 68.03778° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Керей көлі |
• Координаттары | 50°06′28″ с. е. 68°45′47″ ш. б.50.10778° с. е. 68.76306° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Қарағанды облысы Нұра ауданы |
Қарағанды облысы Нұра ауданының батысынан ағып өтеді.
Бастауын Ұлытаудың солтүстігіндегі Желдіадыр тауының солтүстік беткейінен алады. Керей көліне шығысынан құяды.
Ұзындығы 100 км, су жиналатын алабы 3490 км2. Негізгі салалары: Талсай, Қарасу, Басыақтұма. Жайылмасының ені 50 – 300 м, иректеліп келетін арнасының ортаңғы, төменгі ағыстарындағы ені 30 – 40 м. Негізінен қар және жер асты суларымен толығады. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді. Жылдық орташа су ағымы сағасында 0,55 м3/с. Суы ауыз су ретінде, жайылымдарды суландыруға, мал суаруға жарамды. Алабында жайылмасын көлдете суғару үшін салынған бөгеттер (жалпы су көл. 1,23 млн. м3) бар.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.