![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/55/Datisca_cannabina.jpg/640px-Datisca_cannabina.jpg&w=640&q=50)
Кендіржапырақ
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кендіржапырақ(Datisca) – өзімен аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Кавказда, Жерорта теңізі жағалауларында, Балқан түбегінде, Иранда, Үндістанда (Гималайда) тараған 2 түрі белгілі. Қазақстанда Іле Алатауында, Қаратауда, Батыс Тянь-Шаньда кездесетін 1 түрі – кендіртүс Кендіржапырақ (D. сannabina) бар. Оның биіктігі 60 – 100 см. Қандауыр тәрізді жапырақтары ірі (ұзындығы 10 – 20 см), жиегі аратісті тілімденген. Гүлдері – қос үйлі, қызыл түсті, сабақ ұшында шашақтала орналасқан. Аталығы 6 – 13, аталық гүлдері сағақты, аналық гүлдері үшқырлы тостағанша жапырақтардан тұрады. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемістенеді. Жемісі – қауашақ, тұқымы өте ұсақ. Кендіржапырақ – дәрілік, бояулық және талшықты өсімдік. Оның тамырында, жапырағында және гүлшоғырында сары пигмент (датистин) бар, оны жүн және жібекті сары түске бояу үшін қолданады.[1]
Кендіржапырақ | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Кендіржапырақ
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
|