From Wikipedia, the free encyclopedia
Кекіребалық (лат. Rhodeus sericeus) - сүйекті балықтар классының тұқылар тұқымдасына жататын балық.
Кекіребалық | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Rhodeus sericeus (Pallas, 1776) |
Еуропа, Шығыс Азия (Солтүстік Қытай, Корея, Амур, Сахалин өзендрінде) кең таралған. Кекіребалық көбінесе ағысы баяу өзенде не көл, тоғанда тіршілік етеді.
Денесі биік, бүйірі қабысыңқы, тұрқы 9-сантиметрдей. Қабыршағы 30-40 қатар.
Жыныстық жағынан 2-ші жылы жетіледі. Наурыз - тамызда 100 (кейде 224-290) уылдырық шашады. Бұл кезде кекіребалықтың ұрғашысында уылдырық салу түтігі өсіп шығады. Осы түтігі арқылы ол уылдырығын қос жақтаулы моллюскілердің желбезек қуысына салады. Кәсіптік маңызы онша болмағанымен басқа былқтарға жем болады. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.