![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/6b/Descartes2.jpg/640px-Descartes2.jpg&w=640&q=50)
Картезиандық күмән
From Wikipedia, the free encyclopedia
Картезиандық күмән (ағылш. Cartesian doubt, кейде Декарттық күмән, кейде Картезиандық скептицизм) — әдіснамалық скептицизмнің бір түрі болып табылады, ол Француз ойшылы Рене Декарттың (1596 ж, 31 наурыз - 11 ақпан, 1650 ж) еңбектері мен әдіснамаларына байланысты.[1][2] Картезиандық күмән кейде "Картезиандық скептицизм", "әдіснамалық күмән", "әдіснамалық скептицизм", "әмбебап күмән", "жүйелі күмән", немесе "гиперболалық күмән" деп те аталады.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/6b/Descartes2.jpg/640px-Descartes2.jpg)
Картезиандық күмән - бұл философиялық әдіс болып, ол өз наным-сенімдерінің ақиқаттығына күмәнданудың (немесе күдіктенудің) жүйелі процессі.[3] Сондай-ақ, Картезиандық әдіс қазіргі замандық ғылыми әдістерінің тамыры санайтындар да көп. Бұл күмән әдісі батыс философиясында Рене Декарт жағынан кеңінен танымал болды, ол өзінің ненің рас екеніне сенімді бола алатынын анықтау үшін барлық сенімдерінің шындығына түбегейлі күмәндануға тырысты. Бұл Декарттың әйгілі «Cogito ergo sum» ("Ойлаймын, демек бармын") деген тұжырымына негіз болды.
Декарттық күмән Еуропаның ортағасырлық өлі түрде сену жосынына түбегейлі бетбұрыс әкелген ояту сипатты идеялардың бірі болды. Ендігі жерде күмәндана алатын адам қай жағынан алғанда да жосын мен дәстүрге қатып сенетін адамға қарағанда жасампаз және жаңашыл бола алды. Картезияндық күмәндану кейнгі сыни ойлау әдісіне де үлкен ықпал етті. Сөйтіп ол Фрэнсис Бэконның тәжірибені негіз еткен индуктивті әдіспен бірге батыс қоғамындағы прогресске себепші болды.
Методологиялық скептицизм мен философиялық скептицизмнің ұқсамайды; әдіснамалық скептицизм - білім атаулыны тексеруді талап ететін әдіс болып, ол шын пікірлерді жалған пікірлерден сұрыптап алуды көздейді, ал философиялық скептицизм - мәлім білімнің мүмкіндігін қайта қарастаратын әдіс.[4]