Каолинит
From Wikipedia, the free encyclopedia
Каолинит– силикаттар класындағы сазды минерал. Химиялық формуласы Al4[Sі4O10](OH)8. Қытайдағы фарфор сазы өндірілетін Коо-Лин тауының атымен аталған. Түсі таза күйінде ақ, көкшіл, қоспаларына қарай – қызыл, қара, ашық жасыл. Қатты 1 – 3, менш. салм. 2,6 г/см3. Каолинит топырақ құрамында, үгілу қабаттарында, ылғалды климат жағдайында континенттік су алаптары түбінде түзілген көмірлі тау жыныс қабаттарында кездеседі. Каолиниттің диккит және накрит деген полиморфтық түрлері бар. Бұл минералдарды 650 – 800°С-қа дейін қыздырғанда толығымен судан арылады. Каолинит керамика өндірісінде, фарфор мен фаянс, металлургияда шамот кірпішін, бұрғылау ерітіндісін дайындауға, құрылыста, қағаз өндірісінде, алюминий тотығын алуда қолданылады. [1] Каолинит негізінен алюмосиликатты таужыныстардың морылуынан және төмен температуралы метасоматозда пайда болады.[2]
Суреттер
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/b3/Kaolinite-Orthoclase-lw18b.jpg/200px-Kaolinite-Orthoclase-lw18b.jpg)