From Wikipedia, the free encyclopedia
Канайма Ұлттық паркі (исп. Parque Nacional Canaima) — Венесуэла оңтүстік-шығысында Бразилия және Гайанамен шекарасындағы парк. Аумағы шамамен 30000 км². Боливар штатында орналасқан және шамамен сол Гран Сабана табиғи паркіндей аумақты алып жатыр.
Парк 12 маусым 1962 жылы ашылды көлемі бойынша елде екінші орын алады, тек Парима-Тапирапеко паркіне орын береді. "1994 жылы Канайма ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізіміне енді. Парктің басты көрікті орны және құндылығы ондағы тепуилер (жалпақшоқылы таулар).
Парктегі ең танымал тепуи — Рорайма (ең биік және өрмелеу үшін ең қарапайым) және Ауянтепуи, онда атақты ең биік Анхель сарқырамасы орналасқан. Тепуи — Оңтүстік Америка және Африка бір суперқұрлық бөліктері болған кездегі дәуірде қалыптасқан құмдақтар.
Ұлттық парктің аумағы пемон үнді халқының отаны болып табылады, олар тепуи "мавари" рухтарының үйі ретінде санайды. Парк шалғай жерлерде; жолдарды байланыстыратын елді-мекендер өте аз, сондықтан негізгі көлік шағын авиация болып табылады, сондай-ақ жаяу өтпе жолдар және өзендермен каноэмен жүзуге болады.
Жергілікті тұрғындардың көпшілігі — пемондар, негізінен, туризмен айналысады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.