From Wikipedia, the free encyclopedia
Канадалық Арктикалық топарал — Солтүстік Мұзды мұхитта, Солтүстік Америка құрлығының қиыр Солтүстігіндегі аралдар тобы. Жалпы аумағы 1,3 млн. км². Ең ірі аралдары: Баффин Жері (512 мың км²), Элсмир (200,5 мың км²) және Виктория аралдары (212 мың км²). Канадаға қарайды. Топарал құрлықтың Солтүстік шетін төрттік дәуірде теңіз басуының нәтижесінде пайда болған. Баффин Жері, Девон аралы және Элсмир аралдарының ежелгі кристалдық жыныстардан түзілген шығыс бөліктері таулы-қыратты (1500 – 2000 м). Бұл жерлерге фьордтық жағалау тән. Элсмир аралының Солтүстік мен Аксель-Хейберг аралын каледон қатпарлығының таулары алып жатыр (абс. биіктігі 2926 м). Топаралдың бүкіл батыс бөлігінің жер бедері тегіс, үстіртті. Тау бастарын мұз басқан (аум. 154 мың км²). Климаты қатаң, континенттік. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы –35°С. Шілденің орташа температурасы –10°С-қа жуық. Канада-арктикалық топарларының солтүстігін арктикалық шөл, қалған бөлігін тундра алып жатыр. Мұнай мен газ, темір кен орындары бар. Халқының негізін эскимостар құрайды. Олар аң және балық аулаумен айналысады. Халық өте сирек қоныстанған. Басты елді мекендері: Фробишер-Бей, Кембридж-Бей, Резольют.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Канадалық Арктикалық топарал ағылш. Canadian Arctic Archipelago, фр. Archipel arctique canadien | |
Сам-Форд фьорды — Баффин Жерінің солтүстік жағалауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Аралдар саны | 36 563 |
Ірі аралы | Баффин Жері |
Жалпы ауданы | 1 424 500 км² |
Ең биік нүктесі | 2616 м |
Тұрғындар (2001 жыл) | 13 233 адам |
Халық тығыздығы | 0,009 адам/км² |
Орналасуы | |
75°00′ с. е. 90°00′ б. б.75.000° с. е. 90.000° б. б. (G) (O) (Я) | |
Акватория | Солтүстік Мұзды мұхит |
Ел | Канада |
Аймақтар | Нунавут, Солтүстік-Батыс территориялары |
Канадалық Арктикалық топарал Ортаққорда |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.