From Wikipedia, the free encyclopedia
Камал Қармысов (24 сәуір 1912, қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Беріктас - 21 мамыр 1991, Алматы) — кино және театр актері, Қазақстан халық артисі (1957).
Камал Қармысов 1912 жылдың 24 сәуірінде қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Беріктас ауылында дүниеге келген.
1927 жылы Қармысов Алматы сауда қызметкерлері клубының драмалық үйірмесіне белсене араласты.
1929 жылы Ташкенттегі Орта Азия университеттінде оқуын бітірді.
1930 жылы Риддер жұмысшы-жастар театрын ұйымдастыруға қатысты.
1931 жылы Камал Қазақ ақадемия-драмалық театрының құрамына қабылданады.
1936 және 1958 жылдары Мәскеу қаласында өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.
Қармысов - кейіпкердің кескін-келбетін, қимыл-қозғалысын дәл тауып, оның ішкі жан дүниесімен шебер шендестіре білген актер. Әсіресе, өткір мінезді, сатиралық рольдердің шебері болған. Ол Керім (М.Әуезов пен Л.Соболевтің "Абайында"), Қозы, Жантық (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сүлуында"), Төлеген Тоқтаров (Әуезов пен Ә.Әбішевтің "Намыс гвардиясында"), Гасфорт (Мұқановтың "Шоқан Уәлихановында"), Қаражан (О.Бөкейдің "Құлыным, меніңінде"), т.б. бар. Қармысов орыс және шетел классик, шығармаларында көп ойнады. Атап айтсақ, Барон (М.Горьқийдің "Шыңырау түбіндесінде"), Хлестақов (Н.В. Гогольдің "Ревизорында"), Гарпагон (Ж.Мольердің "Сараңында"), Яго (У.Шекспирдің"Отеллосында"),т.б. бар.
1945 жылдан бастап киноға түскен, олардың арасындағы ең белгілі рөлдері: Оспан ("Абай әні", 1945), Жантақ ("Махаббат дастаны", 1954), Әлімхан ("Дала қызы", 1954), т.б.
Атауы | Жанры | Түскен жылы | Рөлі |
---|---|---|---|
Түнгі сарын | Спектакль | 1935 | Нұрқан |
Ревизор | Спектакль | 1936 | Хлестаков |
Жаздық махаббат | Спектакль | 1937 | Федор Швандя |
Отелло | Спектакль | 1939 | Яго |
Ақан сері-Ақтоты | Спектакль | 1942 | Сердалы |
Намыс гвардиясы | Спектакль | 1942 | Төлеген Тоқтаров |
Асауға тұсау | Спектакль | 1943 | Транио |
Абай әндері | Фильм | 1945 | Оспан |
Шыңырау түбінде | Спектакль | 1946 | Барон |
Сараң | Спектакль | 1952 | Гарпагон |
Махаббат дастаны | Фильм | 1954 | Жантақ |
Дала қызы | Фильм | 1954 | Әмірхан |
Іштарлық | Спектакль | 1955 | Келіман |
Біздің сүйікті дәрігер | Фильм | 1957 | Сиқыршы |
Майра | Спектакль | 1957 | Дүрбіт |
Айман-Шолпан | Спектакль | 1960 | Жарас |
Сәуле | Спектакль | 1961 | Сірдақ |
Тұлпардың ізі | Фильм | 1964 |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.