Иір
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Иір (лат. Acorus) – өзімен аттас тұқымдасқа жататын көпжылдық өсімдік. Оның тарамдалған тамырсабақтары үлкен, ұзындығы бір мертге дейін жетеді. Тармақталған сабақтарының ұшында жеке-жеке шоқталған ашық жасыл-сары түсті ұсақ гүлдері болады. Мамыр айының аяғынан бастап маусым айына дейін гүлдейді. Иір Ресейдің бүкіл Еуропалық бөлігінде, Кавказда, Сібірде, Орта Азияда кең тараған. Қазақстанның Шымкент, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында өседі. Көбіне өзен жағасы, шалшықты, сазды жерлерде өседі.
Иір | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
түрлері | ||||||||||||
2 түрі белгілі | ||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||
Calamus Garsault |
Оның тамыр сабағынан өзіне тән арнайы күшті иісі және ауыз күйдірерліктей ащы дәмі бар 0.8-1.0 пайыз күрделі құрамды эфир майы, ащы гликозид-акорин, 150 мг пайызға дейінгі аскорбин қышқылы, илік заттар, шайыр, крахмалдар табылды.
Иір ауырған жерлерді тыныштандыратын, қақырық түсіретін, жел шығаратын дәрі ретінде көптен белгілі. Бұдан жасалған дәрілерді халық арасында құрқұлақ ауруларына, індетті тырысқақ, тұмау-сүзек, сондай-ақ бөртпе сүзекке қарсы талай замандардан бері қолданып келген. Иірдің тамыр сабағынан қайнатып алынған қоймалжың мағызды суық суға қосып тұндырып, тұнба, ал кейде оны кептіріп, ұнтақ ретінде ішеді де, қажетті жағдайда дене сыртына да жағады.
1↑"Дәрілік өсімдіктер"/Бас редакторы М.Қожабеков-"Қазақстан" баспасы,1975.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.