From Wikipedia, the free encyclopedia
Итаю (лат. Mellivora capensis) – сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі аң.
Итаю | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Mellivora capensis (Иоганн Христиан фон Шребер, 1776) | ||||||||||||||||
Ареал
|
Негізінен Африкада, Азияда, Түрікменстанда мекендейді, ал Қазақстанда Батыс Үстірт құмдары мен Қарынжарық ойысында кездеседі. Дене тұрқы 68 – 75 см, құйрығының ұызндығы 17 – 20 см. Аяқтары қысқа, табаны жалпақ, жер қазуға бейімделген ұзын, өткір тырнақтары бар. Терісін сирек, қатты түктер жапқан. Бауыры қара-қоңыр, арқасы ашық түсті келеді. Итаюдың тіршілігі аз зерттелген. Негізінен кешке қарай не түнде белсенді тіршілік етеді. Қыс қатты суық болғанда ұзақ мерзімге қысқы ұйқыға кетеді. Жылына 1 рет көбейеді. Қыркүйек – қазан айларында ұйығып, 7 айдан кейін аналығы 1 – 2 бала табады. Итаю – қорек талғамайтын жануар. Олар омыртқасыздармен және омыртқалылармен (кесіртке, ұсақ құстар, қоян, құмтышқан, т.б.), өсімдік тамырымен, жемісімен қоректенеді. Әсіресе, Итаю – тасбақалардың жауы, оларды інінен қазып алып жейді. Қазақстанда 1983 жылдан бері 10 – 15 дарабасы ғана тіркелген. Өте сирек кездесетін аң болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996).
I-шы санат. Өте сирек түр Шектеулі территорияда бірен-сарандары кездеседі.
Туыстың Әлемдік фаунадағы бірден-бір өкілі Қазақстанда оның таралу аймағының солтүстік шекарасы өтеді.
Оңтүстік, Оңтүстік-батыс Үстірт, Маңғыстау облысындағы Қарындарықайпаты.
Оңтүстік Үстіртте – шыңдардың тілімделген терең шатқаулары, жотадағы жазықтардың шыңдары мен сайлары. Оңтүстік-батыс Үстіртте – сексеуілдері және алуан түрлі шөптес өсімдіктері бар, шұңқыры, сайы, қуысы жеткілікті ойлы-қырлы жазықтар. Қарынжарықта –Кендірлі соры мен Қаясанирек жарларымен тектесетін, ұзын суайрықтары, сайлар кесіп өтетін, баялыш, қараған, сексеуіл, курчавка өскен жазық учаскелер.
Бірен-сарандары кездеседі. 1983 жылдан бастап, бірінші табылуы, 10-15 аң есепке алынған. Қазақстандағы саны бірнеше ондықтан аспауы мүмкін.
Кездейсоқ кездескенде адамдардың өлтіруі, ірі жыртқыштарға салынған қақпанға түсу.
Өте нашар зерттелген. Ымыртта-түнде, ал салқын кездерде күндіз де белсенді. Қыста суық кенеттен түскен жағдайда, қысқа мерзімді ұйқыға кетеді. Өзі қазған жай індерде, немесе несіз құмтышқандары мен басқа аңдардың індерін кеңейтіп, сонда тұрады. Жылына бір рет көбейеді, қыркүйек-қазанда ұйығады. Буаздылық – 7 айдай, күшіктері наурыз-сәуірде пайда болады. 1-2 күшік туады. Қорегінің құрамында омыртқасы мен майда омыртқалы жануарлар (кесірткелер, майда құстар, құмтышқандары, кіртілер, құм қояндары, тасбақалар) кездеседі. Өсімдіктің тамыры мен жемісін жейді. Жаулары – қасқырлар, қойшылардың иттері. Бәсекелестері – түлкі, шұбар мысық, басқа жыртқыштар.
Ашхабад хайуанаттар паркінде ұсталады.
Үстірт қорығында, Кендерлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағында қорғалады.
Итаюдың кездесетін көп жері Үстірт қорығына жақын орналасқан. Бұл учаскелерді осы қорықтың құрамына қосу керек, өйткені бұл жерлерде төрт жолақты абжылан, жорға дуадақ, қарақал, қарақұйрық мекендейді.
Жүйелі түрде түрдің экологиясын, таралуын және санын зерттеу. [2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.