Инчхон (кор. 인천, 仁川, ағылш. Incheon) — Корея Республикасының Корей түбегіндегі портты қала. Сеулдің Аванпортты Сары теңіздегі Канхваман шығанағында орналасқан. Инхчон халық саны бойынша Корей қалаларының ішінде Сеул мен Пусаннан кейінгі үшінші орындағы қала. Инчхон елдің транспорттық дәлізі, қалада үлкен порт топаралдың батыс жағалауында орналасқан, сонымен қоса елдегі ең үлкен әуежай Инчхонда. XXI ғасырда қала халықаралық бизнестік орталыққа айналуда, қала төңірегінде футуристік жоғары технологиялық жоба New Songdo City салынуда, онда елдегі ең биік ғимарат Northeast Asia Trade Tower (305 м) орналасқан.

Quick Facts Әкімшілігі, Ел ...
Қала-метрополия
Инчхон
인천광역시
Ту
Ту
Әкімшілігі
Ел

 Корея Республикасы

Статусы

метрополиялық қала

Тарихы мен географиясы
Координаттары

37°27′50″ с. е. 126°38′55″ ш. б.37.46389° с. е. 126.64861° ш. б. / 37.46389; 126.64861 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1883

Бұрынғы атаулары

Чемульпо кор. 제물포

Жер аумағы

1,029.43 км²

Уақыт белдеуі

UTC+9

Тұрғындары
Тұрғыны

2 728 431 адам (2011)

Тығыздығы

2689 адам/км²

Ұлттық құрамы

корейлер

Ресми тілі

корей тілі

incheon.go.kr/inpia/en/index.html

Инчхон картада
Инчхон
Инчхон
Close

Инчхон порты Ханган өзенінің ағысына ыңғайлы Пусан портынан кейінгі екінші үлкен порт болуда. Порт 1883 жылы Чемульпо (кор. 제물포) деген атпен құрылған және халқы 4700 адам ғана болған. Қазір қаланың халқы серпінді өсіп қала халқы 2,5 миллионнан асқан. Инчхон шетел инвестицияларын тарту үшін еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) мәртебесін алған. Кореяда бұрыннан екі ЕЭА (екіншісі Пусан-Чинхэ) бар. Қала өзін қаржы орталығына айналуды мақсат етіп қойған.

Инчхон Сеулден кейінгі «екінші корей астанасы» деп жиі аталады. Инчхон Кореяның тәуелсіз әкімшілік-аумақтық бірлігі және басты қалаларының бірі.

Тарихы

Қала орынына неолит дәуірінде адамдар қоныстана бастаған. IV ғасырдың соңынан бастап орта ғасырлар бойы Кореяның басты сауда орталығы болды. XIX аяғында Кореяның бірден-бір және бірінші халықаралық саудада ашық порты болды. Инчхон Кёнгидо провинциясының құрамында болды. 1981 1-маусымнан бастап орталыққа тікелей бағыну (қазір метрополиялық қала) мәртебесін алды.

1950 жылы корей соғысында мұнда Инхчон десентық операциясы жүргізілді.

Экономикасы

XXI ғасырдың басында — бұл үлкен айлақты қалада күшті өнеркәсіптік орталықта машинажасау, кемежасау, мұнайөңдеу, химия, болат құю, электротехника, тігін, ұн тарту өнеркәсібі дамыды. Қалада сонымен қоса әйнек және фарфоро-фаянс бұйымдары өнеркәсібі дамыған.

Климаты

More information Инчхон ауа райы, Көрсеткіш ...
Инчхон ауа райы
Көрсеткіш Қаң Ақп Нау Сәу Мам Мау Шіл Там Қыр Қаз Қар Жел Жыл
Орташа максимум, °C 0,8 2,7 8,1 15,0 20,4 24,3 27,0 28,4 24,8 19,2 11,2 4,0 15,4
Орташа температура, °C −3,1 −1,2 3,9 10,5 15,9 20,1 23,7 24,9 20,5 14,4 7,0 0,0 11,3
Орташа минимум, °C −6,5 −4,5 0,6 6,8 12,3 17,0 21,3 22,2 16,8 10,3 3,4 −3,4 8,0
Жауын-шашын нормасы, мм 21 22 40 86 82 107 285 252 152 48 50 20 1165
Дерекнама: World Climate
Close

Әкімшілік бөлінісі

Әкімшілік бөлінісі

Инчхон 8 районға («ку») және 2 («кун») уезге бөлінеді.

  • Пупхёнгу (부평구; 富平區)
  • Тонгу (동구; 東區)
  • Кэянгу (계양구; 桂陽區)
  • Чунгу (중구; 中區)
  • Намгу (남구; 南區)
  • Намдонгу (남동구; 南洞區)
  • Согу (서구; 西區)
  • Ёнсугу (연수구; 延壽區)
  • Канхвагун (강화군; 江華郡)
  • Онджингун (옹진군; 甕津郡)

Халықаралық қатынасы

Бауырлас қалалар[1]

Бауырлас қалалар тізімі ресми сайтына сәйкес[2]:

Серіктес қалалар

Серіктес қалалар тізімі ресми сайтына сәйкес[4]:

Галерея

Атақты тұлғалары

  • Ким Рё Ук — оңтүстіккореялық әнші, композитор және актёр.
  • Ким Нам Иль — оңтүстіккореялық футболшы.
  • Чо Ён Хён — оңтүстіккореялық футболшы.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.