Интернет-банкинг
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Интернет-банкинг несие ұйымының интернет арқылы алыстан банк қызметін көрсетуі. Интернет желісіндегі банк сайты арқылы клиент нақты уақыт режимінде әлемнің кез келген нүктесінен банк қызметкері қатыспай-ақ (соның ішінде ұялы телефон арқылы да) өз шоттарының жай-күйі туралы ағымдағы ақпаратты ала алады, қаражаттың шот бойынша қозғалысын қуаттайтын төлем құжаттарының деректемесін қарай алады, мәміле бойынша әріптестер көрсеткен төлем деректемелерінің дұрыстығын тексереді, пластикалық карталармен операциялар жасай алады, тағы басқа. Банкіде қалың көпшілікке олардың орналасқан жеріне қарамастан, қосымша бөлімшелер құрмай-ақ қызмет көрсету және дәстүрлі банк операцияларынан қосымша табыс алу мүмкіндігі пайда болады. Интернет-банкинг сондай-ақ клиенттерге бағалы қағаздар қоржынын басқару қызметін көрсетуге (интернет-трейдинг) де мүмкіндік береді. Электрондық сандық қол қою және кодтау жүйесі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Интернетте электрондық әдіспен ақша аудару технологиясы Quіcken (Quіck Іntuіt), Money (Mіcrosoft), Managіng Your Money (Mega Software), Securіty Fіrst Network Bank (Cardіnal Bank Shares) жүйелері арқылы іске асырылады. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.